ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ әкімгері бойынша 2016 жылға бюджеттік бағдарламаларды орындау жөнінде ақпарат

2016 жылы «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ әкімгері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижесінде жалпы 836 млн. 500 мың теңгеге шарттар жасалынған.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға 39 344 мың теңге бөлінген. Осы қаражатқа 28 бағдаршамды пайдалану, 1000 жол белгілері, 275 жол белгілерін орнату, бір бағдаршам объектісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар  үнемі орындалды.
6 566,4 мың теңгеге ауданы 6770 ш.м. автожолдың жүріс бөлігін бояумен белгілеу бойынша жұмыстар орындалды.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуі» бағдарламасын жүзеге асыруға 213 құдықтың люктерін орнатуға 4 571 мың теңге қаражат бөлінген. Пайдаланушы ұйымдардың және ЖПК өтінімдеріне сәйкес құдықтарды жабу бойынша жұмыстар уақытында орындалады.

«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 172 993 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Осы қаражатқа бір жыл ішінде көшені жарықтандыру объектілерін пайдалану бойынша жұмыстар орындалған.

2016 жылы «Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 71 306 мың теңге бөлінген. Бұл ақшаға алаңдарды күту бойынша, сонымен қатар маусымда үш рет  17,69 км нөсерлі жүйелерді және 427 құдықтарды тазарту бойынша жұмыстар оырндалған.
Иесіз су қоймаларында және таяз суларда 3 га ауданына құрттарға және масаның жазғы түріне қарсы және басқа да шыбын-шіркей мен кенелерге қарсыдезинсекциялық шаралар, 421 375 ш.м ауданда кеміргіштерге қарсы дератизациялық шаралар орындалды. Пайдаланылған құрамында сынапы бар шамдарды жинау, тасымалдау және жоюды ұйымдастыру және 5 контейнерлерге қызмет көрсетумен «НТП Казэкотех Астана» ЖШС-гі айналысады.

«Тексіздерді жерлеу және жерлеу орындарын күту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2 108 мың теңге 70 тексіздердің денесін жерлеуге шығындалған.

«Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 111 720 мың теңге бөлінген. Осы қаражат:

  • Абаттандыру объектілерін күту үшін (қалалық жағажайды, КАФ, 9 шапқыштарды, бейнебақылау жүйесін, түңгі және мерекелік рәсімдеу объектілеріне, бүйір тастарды ақтау және сырлауға);
  • Көгал отырғызуларды күтуге (гүлзарларды отырғызуға, квартал ішіндегі ағаштардың басын кесуге, тірі отырғызуларды қырқуға, ағаштардың бастарын шығаруға, газондарды қырқуға, ағаштарды ақтауға, көгал отырғызуларды суаруға);
  • Мереке қарсаңына қаланы рәсімдеуге.
  • «Аудандардың (облыстық мағынадағы қалалар) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша жалпы 27 890 мың теңгеге ұзындығы 710 м жылу жүйелерін ағымды жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 301 064 мың теңге бөлінген, яғни:

  • Автомобиль жолдарын қыста және жазда күтуге – 235 244 мың теңге;
  • Автожолдарды ағымды жөндеуге – 65 820 мың теңге (30 366 ш.м.), сонымен қатар, 7 504 мың теңге облыстық бюджеттің есебінен (2959 ш.м.)

Автожолдарды қыста күту үшін 8 ұйым: «Темірбол» ЖШС, Ескандер» ЖШС, «ASK-Trade» ЖШС, «Гордорсервис-Т» ЖШС, «Ақ Бозат Тау» ЖШС, «Ритм» ЖШС, «Кедр» ЖШС, ТемірСауда» ЖШС  іске қосылған.


Мердігер

Көшелер

Байланыс телефондары

1

 «Кедр» ЖШС

Оң жағалау, Карьерная станциясына дейінгі автожол

8 7213 934741

2

 «Ритм» ЖШС

Бейбітшілік даңғылынан Димиров көшесіне дейін Чернышевский көшесі, Амангелді көшесі, С.Разин көшесі, Теміртау көшесі, Чернышевский көшесінен С.Разин көшесіне дейін Бейбітшілік даңғылы

8 7213 959076

3

 «Ескандер» ЖШС

Ескі қала, Республика даңғылы

8 7213 923695

4

 «Гордорсервис-Т» ЖШС

Қаланың шығыс бөлігі, әлеуметтік қала, Ш.Уәліханов көшесі

8 7213 986668

5

 «Ақ Бозат Тау» ЖШС

Трассадан Республика даңғылына дейін Металлургтер даңғылы, Димитров көшесінен Степан Разин көшесіне дейін Чернышевский көшесі

8 7213 909790

6

 «ТемирСауда» ЖШС

Комсомол даңғылынан Чернышевский көшесіне дейін Бейбітшілік даңғылы

8 7213 985745

7

 «Темирбол» ЖШС

Қарағанды шоссесі көшесі, Мичурин көшесі

8 7213 986091

8

 «ASK-TRADE» ЖШС

Амангелді көшесінен Мичурин көшесіне дейін Комсомол даңғылы, Калинин көшесі, Қарағанды шоссесі көшесінен Комсомол даңғылына дейңн Бейбітшілік даңғылы, Қарағанды шоссесі көшесінен С.Разин көшесіне дейін Димитров көшесі, Перзентханаға дейінгі жол

8 7213 986699

Қаланың автожолдарын қыста күту үшін  көшелерде 97 бірлік жол жұмыскерлері, 67 бірлік арнайы техника іске қосылған.
Қарды қоймалау орындары анықталған: 71 кварталдағы ТЖ кесіп өтетін жері, Тольятти көшесі (ертедегі автодром) және Қарағанды шоссесі көшесімен Ушинский көшесінің қиылысы.
Күн сайын автожолдарды тазарту және жинау бойынш амониринг жүргізіледі және Теміртау қаласының әкімдігіне, облыстың бірыңғай диспечерлік қызметіне, Теміртау қаласының ТЖБ беріледі.

«Аудандық мағынадағы және елді мекендердің автомобиль жолдарын күрдел іжәне орташа жөндеу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 94 710 мың теңге бөлінген, бұл қаражатқа ұзындығы 3,01 км Мичурин көшесінен Республика даңғылына дейін Қарағанды шоссесі көшесінің, Матросов көшесінен астана-Екатеринбург трассасына шығу жолдың бөлігін орташа жөндеу орындалған.
Келесі объектілер бойынша жоба-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары басталды:

  • Қуаттылығы сағатына 800 м3 тартылатын жүйелермен Қарағанды шоссесі көшесімен Мичурин көшесінің қиылысында САС насосты станциясының құрылысы;
  • Теміртау қаласының әлеуметтік қалада шар.фекалды канализация құрылысы;
  • Теміртау қаласының суқұбыры жүйелерін қайта құру;
  • Теміртау қаласының 9 ықшамауданында жас отбасыларға және кезекте тұрғандарға салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлі-байланыс инфрақұрылымдарының құрылысы;
  • Теміртау қаласының 10-11 ықшамаудандарына инженерлі-байланыс инфрақұрылымдарының құрылысы;
  • Теміртау қаласының жас отбасыларына 42 пәтерлі тұрғын үй құрылысы;
  • Теміртау қаласының кезекте тұрғандарға 42 пәтерлі тұрғын үй құрылысы (2 ғимарат);
  • Тольятти көшесі бойынша №44 тұрғын үйді қайта құру.

«Теміртау қаласының
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі, автомобиль жолдары,
құрылыс және тұрғын
үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы                                    Қ.Б.Юсупов


Жаңартылған: 16.02.2017 16:22
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.10
  • Euro 400.53
  • Рубль 5.78
Теміртау-11°C
    1 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ