ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2017 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қаланың 2017 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 162,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (108,0 млрд.теңге) 50,8%-ға өсті, ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 96,3%-ды немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (101,1 млрд.теңге) 55,1%-ға өсе отырып 156,8 млрд.теңгені құрады.  Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 108,2%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 87,1%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2017 жылдың 1 тоқсанында                               141,9 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда                    (89,3 млрд. теңге) 58,9%-ға  өсті.
1 млрд. 656 млн.теңге сомасына немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда  (1 млрд. 728,6 млн. теңге) 4,2%-ға төмен құрылыс жұмыстары орындалды.
Жеке құрылыс есебінен 1,6 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (3,6 мың ш.м.) 55,6%-ға төмендеді. Нақты көлем индексі – 91,9%.
Бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда              (12 млрд. 871,5 млн. теңге) 13,9%-ға артты және 14 млрд. 660,8 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –104,5%.
2015-2019 жылдарға арналған қала кәсіпкерлігін қолдау картасына                    226 жаңа жұмыс орны ашыла отырып, құны 2 млрд. 591,1 млн.теңгеден асатын 4 жоба енгізілді, олардан 2015-2016 жылдарда жалпы сомасы                                                            1 млрд. 696,1 млн.теңгеге 3 жоба іске қосылды, 182 жаңа жұмыс орны ашылды:
- «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалық қуаттылығы 31,2 мың тонна металл құрылымдары, құны 302,1 млн.теңге «Металл бұйымдар шығаратын цех салу» жобасы. Жоба 2015 жылғы маусымда іске қосылды, 20  жұмыс орны ашылды. 2017 жылдың 1 тоқсанында                       12,5 млн.теңге сомасына 60,5 мың  тонна өнім шығарылды;
-  «Шайыртау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалық қуаттылығы жылына 10,9 мың тонна, құны 194 млн.теңге «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу» жобасы. Жоба 2016 жылғы 29 тамызда іске қосылды, 28 жұмыс орны ашылды, жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
- «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім, құны 1 млрд. 200 млн.теңге  «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек)» жобасы. Жоба 2016 жылғы желтоқсанда іске қосылды, 134 жұмыс орны ашылды. 2017 жылдың 1 тоқсанында 679,7 млн. теңге сомасына 472 тонна дайын өнім өндірілді.
«КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 68 жұмыс орнын аша отырып, жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3, құны 895 млн.теңге «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты  бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасы, іске қосу 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланып отыр. 
2017  жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Кәсіпкерлікті қолдау картасының іске қосылған жобаларымен   4 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 2,4%-ы (162,9 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басынан бастап  кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 324,6 млн.теңге сомасына 7 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы – 264,7 млн. теңге, 24 жұмыс орны ашылады;
2017 жылдың 1 тоқсанында жоспарлы 87 жұмыс орнына қарағанда                    89 немесе жоспарға 102,3% жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 10 жұмыс орны, шағын бизнесте 79 жұмыс орны.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  10 386  бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 197 бірлікті құрады. 
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27 755 адамды құрады немесе                 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 1,7%-ға (27 300 адам) өсті.                           
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 14 млрд. 911,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 825 млн.теңге төлем түсті. 
Негізгі   капиталға  9 млрд. 156,3 млн.теңге  инвестиция  салынды немесе  2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда  (7 млрд.515 млн. тенге) 21,8%-ға  артық,  мұндағы  «АрселорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы инвестицияларының  үлесі 91,4%-ды  немесе 8 млрд. 369,1 млн. теңгені құрап отыр. Инвестициялардың нақты көлем индексі -  117,2%.
Қаржыландыру көздері бойынша 99,6%-ы – кәсіпорындардың жеке қаражаттары, 0,3%-ы банк кредиттері мен қарыз қаражаттары, 0,1%-ы – бюджеттік қаражаттар есебінен.
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 8 млрд. 735,4 млн. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда 2,6 есеге өсті.
49,4 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды немесе                                    2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда (48,9 млн. теңге) 1%-ға өсті. Нақты көлем индексі 92,9%-ды құрады.
2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 2016 жылғы сәйкес  кезеңмен салыстырғанда мал мен құс өсіру 1,3%-ға (23,2 тонна), қой мен ешкі 15,3%-ға (2 490 бас), жылқы өсіру 19%-ға (119 бас) артты, ірі мүйізді қара 30,5%-ға (1 682 бас), сиыр 8,6%-ға (771 бас), шошқа өсіру 31%-ға (348 бас), сүт өндіру 8,3%-ға (216,7 тонна), жұмыртқа 49,2%-ға (30,2 мың дана) төмендеді.
2017 жылдың 1 тоқсанында көлік көрсеткіштері 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былайша қалыптасты:
-  жүк тасымалы 1,6 есеге артты және 236,5 мың тоннаны құрады;
- жүк айналымы 15,6%-ға төмендеді және 6 665 мың тонна километрді құрады;
жолаушы айналымы мен жолаушы тасымалы 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде және сәйкесінше 36 731 мың жолаушы-километрді  және  7 164 мың адамды құрады.
Қалалық бюджетке түсімдердің көлемі 3 млрд. 243,2  млн. теңгені құрады немесе жоспарға 115,3%.
2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер жалпы                           720,9 млн.теңгеге немесе 128,6%-ға артты.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 1 млрд. 863,8 млн. теңгені немесе жоспарға (1 млрд. 865,4  млн. теңге) 99,9%-ды құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              5 865 бала қамтылды немесе балалардың жалпы санының (7 651) 76,7%-ы.          2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,6-ны құрады.
Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    21 400 оқушы оқиды,  мектептердің  компьютерлік паркі 2 847 бірлікті құрап отыр, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,6 оқушыдан келеді (18 696 адам).
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 416 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 22,4-ті құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1205 адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа                                шаққанда - 64,9.
Туу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар-ақпанында 13,70-ті құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне (14,92) 8,2%-ға төмендеді.
Өлу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар-ақпанында 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (10,59) 17,1%-ға артты  және 12,40-ты құрады.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2017 жылдың 1 тоқсанында 100 мың халыққа шаққанда 16,2-ні құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 18,6%-ға төмендеді (19,9).
2017 жылдың 1 тоқсанында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны 1 476  адамды құрады (2016 жылдың                                      1 тоқсанында  – 1 491 адам), жұмысқа орналастырылғаны – 1 001 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 67,8%-ы.
Қоғамдық жұмыстарға 210 адам жіберілді (2016 жылдың 1 тоқсанында – 203 адам).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мыналарға 27,4 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді;
- жалақыны ішінара субсидиялау арқылы 40 әлеуметтік жұмыс орнын құру;
- 46 жұмыс орнына жалақы төлей отырып жастар практикасын ұйымдастыру (25 айлық есептік көрсеткіш – 56 725 теңге).
Кедейлік деңгейінен (8 291 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны  46,4%-ға - 58 адамға (13 отбасы) азайды және 67 адамды                          (15 отбасы) құрады, 2016 жылдың 1 тоқсанында  – 125 адам (28 отбасы).
Кедейлік деңгейі 0,1 %-ды құрады.
Жылдан жылға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінген азаматтардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2017 жылдың 1 тоқсаны ішінде 628,9 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 67 адамға (2016 жылдың 1 тоқсанында                     816,8 мың теңге сомасына 125 адамға) тағайындалды, тұрғын үй жәрдемақысы 597,4 мың теңге сомасына 146 отбасына (2016 жылдың 1 тоқсанында                     980,2 мың теңге сомасына 282 адамға) тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 34 тұрмысы нашар азаматтарға 27,2 мың теңге сомасына (2016 жылдың 1 тоқсанында 39,2 мың теңге сомасына 45  тұрмысы нашар азаматқа) көрсетілді.

 


Жаңартылған: 04.05.2017 16:51
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.12
  • Euro 409.67
  • Рубль 5.33
Теміртау26°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ