ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 586,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2015 жылға қарағанда (408,1 млрд.теңге) 43,7%-ға өсті, ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 96,2%-ды немесе 2015 жылға қарағанда (389,5 млрд.теңге) 44,8%-ға өсе отырып 564 млрд.теңгені құрады.  Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 107,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 84,2%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2016 жылы 494,1 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға қарағанда (292,1 млрд. теңге) 69,1%-ға  өсті. «Болат өндіруді жылына 6 млн.тоннаға дейін ұлғайта отырып, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамын дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде рекронструкциялаудан кейін № 4 домна пеші пайдалануға берілді.
21 млрд. 327,8 млн.теңге сомасына немесе 2015 жылғы деңгейге 119,2% құрылыс жұмыстары орындалды.
18,2 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2015 жылғы деңгейге 60,4%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы негізгі көлем жеке құрылыс есебінен орындалды – 16,4 мың ш.м. (90,1%) және жеке инвестициялар есебінен – 1,8 мың ш.м. (9,9%).
Бөлшек сауда көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда              (54 млрд. 506,8 млн. теңге) 17,2%-ға артты және 63 млрд. 862 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 99,3%.
2015-2019 жылдарға арналған қала кәсіпкерлігін қолдау картасына                    226 жаңа жұмыс орны ашыла отырып, құны 2 млрд. 591,1 млн.теңгеден асатын 4 жоба енгізілді, олардан 2015-2016 жылдарда жалпы сомасы                                                            1 млрд. 696,1 млн.теңгеге 3 жоба іске қосылды, 158 жаңа жұмыс орны ашылды:
- «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалық қуаттылығы 31,2 мың тонна металл құрылымдары, құны 302,1 млн.теңге «Металл бұйымдар шығаратын цех салу» жобасы. Жоба 2015 жылғы маусымда іске қосылды, 20  жұмыс орны ашылды. Іске қосылғаннан бастап                       380,7 млн.теңге сомасына 3,0 мың  тонна өнім шығарылды;
-  «Шайыртау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалық қуаттылығы жылына 10,9 мың тонна, құны 194 млн.теңге «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу» жобасы. Жоба 2016 жылғы 29 тамызда іске қосылды, 28 жұмыс орны ашылды, жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
- «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім, құны 1 млрд. 200 млн.теңге  «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек)» жобасы. Жоба 2016 жылғы желтоқсанда іске қосылды, 110 жұмыс орны ашылды.
«КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 68 жұмыс орнын аша отырып, жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3, құны 895 млн.теңге «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты  бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасы, іске қосу 2017 жылғы наурызға жоспарланып отыр. 
2016 жылы  Индустрияландыру картасының іске қосылған жобаларымен 14,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 2,5%-ы (586,5 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  2016 жылы кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 2 014 млн.теңге сомасына 26 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы –                  1 млрд. 658,3 млн. теңге, 243 жаңа жұмыс орны ашылады; жеке кепілдендіру бойынша құны 8,1 млн. теңге 2 жоба мақұлданды, оның ішінде  6,0 млн. теңгеге гранттар берілді, 10 жұмыс орны ашылды.
2016 жылы жоспарлы 637 жұмыс орнына қарағанда 643 немесе жоспарға 100,9% жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 330 жұмыс орны, шағын бизнесте 313 жұмыс орны.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  10 364  бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 751 бірлікті құрады. 
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27 755 адамды құрады немесе                 2015 жылға қарағанда 2,4%-ға (27 105 адам) өсті.                           
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі                                    59 млрд.176,6 млн. теңгені құрады, бюджетке 3 млрд.450 млн.теңге төлем түсті. Негізгі   капиталға  48 млрд. 745,2   млн.теңге  инвестиция  салынды немесе    2015 жылға   сәйкес  кезеңге  қарағанда  (60 млрд. 215,7  млн.   теңге) 19%-ға  төмендеді,  мұндағы  «АрелорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы инвестицияларының  үлесі 73,8%-ды  немесе    35 млрд.  973,8 млн.           теңгені құрап отыр. Инвестициялардың нақты көлем индексі                                     -  77,6%.
Қаржыландыру көздері бойынша 86,6%-ы – кәсіпорынның жеке қаражаттары есебінен, 8,6%-ы – бюджеттік қаражаттар, 4,8%-ы банк кредиттері мен қарыз қаражаттары.
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 37 млрд. 401,2 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылға қарағанда 69,4%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд.708,9 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылға қарағанда (3 млрд. 967,0 млн. теңге) 6,5%-ға төмендеді. Нақты көлем индексі 95,3%-ды құрады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда мал мен құс өсіру 35,8%-ға (268,2 тонна), сүт өндіру 34,7%-ға (1 938,5 тонна), жұмыртқа 39,2%-ға (448,4 мың дана), ірі мүйізді қара 30,5%-ға (1 669 бас), сиыр 8,2%-ға (775 бас), шошқа өсіру 23,2%-ға (307 бас) төмендеді.
2016 жылы көлік көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда былайша қалыптасты:
- жүк тасымалы – 2015 жылға қарағанда (818,9 мың тонна) 77,1%-ға артты және 1 450,6 мың тоннаны құрады;
- жүк айналымы, жолаушы тасымалы және 2015 жылға қарағанда сәйкесінше 21,4%-ға, 4,1% және 3,3%-ға кеміді.
Қалалық бюджетке түсімдердің көлемі 10 млрд. 405,8  млн. теңгені құрады немесе жоспарға 103%.
2015 жылмен салыстырғанда түсімдер жалпы 398,2 млн.теңгеге артты, (104%).
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 12 млрд. 179,1 млн. теңгені немесе жоспарға (12 млрд. 214,4  млн. теңге) 99,7%-ды құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              5 865 бала қамтылды немесе балалардың жалпы санының (7 645) 76,7%-ы.          2015 жылмен салыстырғанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 0,5%-ға артты және 98,6-ны құрады (2015 жылы 98,1), бұған әрқайсысы 100 орындық                    2 жеке балабақшаны ашу есебінен қол жеткізілді.
Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    21 400 оқушы оқиды,  мектептердің  компьютерлік паркі 2847 бірлікті құрап отыр, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,6 оқушыдан келеді (18 696 адам) құрады.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 416 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 22,4-ті құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1158 адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда -62,4.
Туу коэффициенті 2016 жылдың қаңтар-қазанында 15,71-ді құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне (15,40) 2%-ға артты.
Өлу коэффициенті 2016 жылдың қаңтар-қазанында 2015 жылғы деңгейде және 10,28-ді құрады.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2016 жылы 100 мың халыққа шаққанда 78,2-ні құрады немесе 2015 жылға қарағанда 7,3%-ға өсті (72,9).
2016 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 6 608  адамды құрады (2015 жылы –5 330 адам), жұмысқа орналастырылғаны - 5 512 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 83,4%-ы.
Түрлі мамандықтар бойынша оқыту және қайта оқытудан 150 адам өтті (2015 жылы – 178 адам). Қоғамдық жұмыстарға 755 адам жіберілді (2015 жылы – 807 адам).
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы:
- бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағыты бойынша қалада жалпы сомасы 158,8 млн.теңге сомасына                        18 объектіні жөндеу, оның ішінде 70,7 млн.теңге сомасына облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 7 объектіні және  88,1 млн.теңге сомасына қалалық бюджеттен қаржыландырылатын 11 объектіні жөндеу жүргізілді;                      206 жұмыс орны ашылды, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 113 адам жұмысқа орналастырылды;
- «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағыты бойынша                     106,4 млн. теңге бөлінді, игерілгені 97,1%. Кәсіптік оқытуға 515 адам және жұмыс істеп отырған жастар қатарынан 66 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 76 адам, жастар практикасына – 71 адам жіберілді.
Кедейлік деңгейінен (8752 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2 есеге 123 адамға (32 отбасы) азайды және 143 адамды                          (31 отбасы) құрады, 2015 жылы – 266 адам (63 отбасы).
Кедейлік деңгейі 0,1 %-ды құрады.
Жылдан жылға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінген азаматтардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2016 жыл ішінде 2884,4 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 143 адамға (2015 жылы 4 356,9 мың теңге сомасына                               264 адамға) тағайындалды, тұрғын үй жәрдемақысы 2093,8 мың теңге сомасына 330 отбасына (2015 жылы 2 718,9 мың теңге сомасына 358 отбасына) тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 326 тұрмысы нашар азаматтарға 665,6 мың теңге сомасына (2015 жылы  1094,5 мың теңге сомасына 569 азаматқа) көрсетілді.

 


Жаңартылған: 04.05.2017 16:53
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ