ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2017 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 Қаланың 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 339,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (260,7 млрд.теңге) 30,1%-ға өсті, ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 97%-ды немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (249,5 млрд.теңге) 31,9%-ға өсе отырып 329,0 млрд.теңгені құрады.  Нақты көлем индексі 104,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 84,8%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2017 жылдың 1 жартыжылдығында                               287,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда                    (219,8 млрд. теңге) 30,9%-ға  өсті.
7 млрд. 142,9 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда  (7 млрд. 696,7 млн. теңге) 7,2 %-ға төмендеді. Нақты көлем индексі – 88,9%.
Жеке құрылыс есебінен 3,3 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (9,9 мың ш.м.) 66,7%-ға төмендеді.
Бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда              (28 млрд. 313,1 млн. теңге) 13,1%-ға артты және 32 млрд. 10,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –104,1%.
2015-2019 жылдарға арналған қала кәсіпкерлігін қолдау картасына                    226 жаңа жұмыс орны ашыла отырып, құны 3 млрд.162,1 млн.теңгеден асатын     4 жоба енгізілді, олардан 2015-2016 жылдарда жалпы сомасы                                                            1 млрд. 696,1 млн.теңгеге 3 жоба іске қосылды, 182 жаңа жұмыс орны ашылды:
- «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Металл бұйымдар шығаратын цех салу» жобасы, жобаның құны 302,1 млн.теңге,                          20  жұмыс орны ашылды, мемлекеттік комиссия актісіне 2015 жылғы сәуірде қол қойылған, жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім,   2017 жылғы қаңтар-маусым ішінде 137,3 млн. теңге сомасына 715 тонна өнім өндірілді. "Стальсувис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен және "Аденур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен өнімді жеткізуге шарттар жасалды;
- «Шайыртау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу» жобасы, жобаның құны 194,0 млн.теңге, 28 жұмыс орны ашылды, пайдалануға енгізу актісіне                          2016 жылғы шілдеде қол қойылды, жобалық қуаттылығы жылына 10,9 мың тонна дайын өнім. 2017 жылғы қаңтар-маусым ішінде 5,5 млн.теңге сомасына 1100 тонна өнім өндірілді. Қайта өңделген қалдықтардың Тапсырыс берушісі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады, сондай-ақ дайын өнімді Ресейге өткізу  нарықтары пысықталуда;
- «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек)» жобасы, жобаның құны 1 200 млн.теңге, 134 жұмыс орны ашылды, жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім. Жоба 2016 жылғы желтоқсанда іске қосылды. 2017 жылғы қаңтар-маусымда 1 557,8 млн. теңге сомасына                                 1 271 тонна дайын өнім өндірілді.
«КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 68 жұмыс орнын аша отырып, жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3 «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты  бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасын іске қосу 2017 жылғы шілдеге жоспарланып отыр. 
2017  жылдың 1 жартыжылдығында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Кәсіпкерлікті қолдау картасының іске қосылған жобаларымен   12,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 3,6%-ы (339,3 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басынан бастап  кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 596,0  млн.теңге сомасына 10 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы – 474,4 млн. теңге, 33 жұмыс орны ашылады;
2017 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарлы 240 жұмыс орнына қарағанда 257 немесе жоспарға 107,1%  жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 85 жұмыс орны, шағын бизнесте                     172 жұмыс орны құрылды.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  10 197  бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 066 бірлікті құрады. 
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27 755 адамды құрады немесе                 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 1%-ға (27 490 адам) өсті.                           
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 29 млрд. 823,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 1650 млн.теңге сомасында төлем түсті. 
Негізгі   капиталға  17 млрд. 755,4 млн.теңге  инвестиция  салынды немесе  2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда  (22 млрд. 721,1 млн. теңге) 21,9%-ға  кем,  мұндағы  «АрселорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы инвестицияларының  үлесі 77,7%-ды  немесе 13 млрд.792,3 млн. теңгені құрап отыр. Нақты көлем индексі -  75,1%.
Қаржыландыру көздері бойынша 92,8%-ы – кәсіпорындардың жеке қаражаттары, 6,3%-ы – бюджет қаражаттары, 0,9%-ы банк кредиттері мен қарыз қаражаттары есебінен.
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 14 млрд. 819,8 млн. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда 12%-ға  төмендеді.
171,8 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды немесе                                    2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда (170,7 млн. теңге) 0,6%-ға өсті. Нақты көлем индексі 92,9%-ды құрады.
2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша                                     2016 жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда мал мен құс өсіру 1,9%-ға (65,8 тонна), қой мен ешкі 32,5%-ға (3 758 бас), жылқы өсіру 7,6%-ға (142 бас) артты, сонымен қатар ірі мүйізді қара 25,1%-ға (2 376 бас), сиыр 8,6%-ға (771 бас), шошқа өсіру 36,9%-ға (365 бас), сүт өндіру 8,2%-ға (814,9 тонна), құс өсіру 80,5%-ға (1 941 бас), жұмыртқа 52,3%-ға (84,4 мың дана) төмендеді.
Ағымдағы жылдың басынан бері 1 276 бас ірі мүйізді қара, 1 210 бас ұсақ мүйізді қара және 160 бас шошқа сәйкестендірілді.
2017 жылдың 1 жартыжылдығында көлік көрсеткіштері 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былайша қалыптасты:
- жолаушы тасымалы 0,5%-ға артты және 14 544,4  мың адамды құрады;
- жүк айналымы 42,9%-ға төмендеді және 13 525 мың тонна километрді құрады;
- жолаушы айналымы 4,2%-ға төмендеді және 71 500,2  мың жолаушы-километрді құрады.
-  жүк тасымалы 17,5%-ға төмендеді және 601,15 мың тоннаны құрады.
Қалалық бюджетке түсімдердің көлемі 5 млрд. 980,7  млн. теңгені құрады немесе жоспарға 107,4%.
2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер жалпы                           801,2 млн.теңгеге немесе 115,5%-ға артты.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 5 млрд. 44,2 млн. теңгені немесе жоспарға (5 млрд. 50,5  млн. теңге) 99,9%-ды құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              5 865 бала қамтылды немесе балалардың жалпы санының (7 651) 76,7%-ы.          2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,6-ны құрады.
Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    21 400 оқушы оқиды,  мектептердің  компьютерлік паркі 3 047 бірлікті құрап отыр, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,1 оқушыдан келеді                        (18 696 адам).
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 430 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 23,2-ні құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1227 адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа                                шаққанда - 66,1.
Туу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар-мамырында 13,26-ны құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне (14,78) 10,3%-ға төмендеді.
Өлу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар- мамырында 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (10,79) 0,7%-ға артты  және 10,87-ні құрады.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2017 жылдың 1 жартыжылдығында                         100 мың халыққа шаққанда 30,7-ні құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 28,8%-ға төмендеді (43,1).
2017 жылдың 1 жартыжылдығында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны  3 013 адамды құрады (2016 жылдың                                      1 жартыжылдығында  – 2 752  адам), жұмысқа орналастырылғаны –  2 096 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 69,6%-ы.
Қоғамдық жұмыстарға 482 адам жіберілді (2016 жылдың                                             1 жартыжылдығында – 400 адам).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мыналарға 39,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді:
- жалақыны ішінара субсидиялау арқылы 40 әлеуметтік жұмыс орнын құруға, жыл басынан бері 66 адам жіберілді;
- 46 жұмыс орнына жалақы төлей отырып жастар практикасын ұйымдастыруға (25 айлық есептік көрсеткіш – 56 725 теңге), 24 адам жіберілді.
Кедейлік деңгейінен (8 332 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны  23 адамға (4 отбасы) артты және 149 адамды (32 отбасы) құрады, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында  – 126 адам (28 отбасы).
Кедейлік деңгейі 0,1 %-ды құрады.
Жылдан жылға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінген азаматтардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2017 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде 1 149,7 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 73 адамға (2016 жылдың                                            1 жартыжылдығында 1 437 мың теңге сомасына 126 адамға) тағайындалды, тұрғын үй жәрдемақысы 958,1 мың теңге сомасына 183 отбасына (2016 жылдың 1 жартыжылдығында 1 498 мың теңге сомасына 298 адамға) тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 38 тұрмысы нашар азаматтарға 31,2 мың теңге сомасына (2016 жылдың 1 жартыжылдығында                193,1 мың теңге сомасына 205  тұрмысы нашар азаматқа) көрсетілді.

 


Жаңартылған: 04.08.2017 17:35
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.11
  • Euro 419.37
  • Рубль 5.58
Теміртау-13°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 88%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ