ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 

Қаланың және Ақтау кентінің 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2011 жылы құндық тұлғада 414,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (320,2 млрд. теңге) 29,5%-ға өсті. 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 107,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 92,2%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 382,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың     сәйкес кезеңімен салыстырғанда (293,0 млрд. теңге) 30,5%-ға өсті.
2011 жылы табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесіні құрады: жалпақ илек -3089,9 мың тонна немесе 7,1%, шойын – 3141,1 мың тонна немесе 8,6%, болат – 3647,8 мың тонна немесе 10,0%, цемент -1236,9 мың тонна немесе 6,5%-ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша: көмір –10620,1 мың тоннаға немесе 2,3%-ға, ферросиликомарганец -17,6 мың тонна немесе 14,2%-ға, кальций карбиді – 27,6 мың тонна немесе 11,7%-ға, дәнекерленген құбырлар – 60,0 мың тонна немесе 0,2%-ға, нан шығару - 4562 тоннаға немесе 3,6%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1409,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне (1524,6 млн. теңге) 7,6%-ға төмендеді. 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі 97,9%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2011 жылы                                        71,9 млрд.теңгені құрады немесе 2010 жылға 130,7% өсті (55,0 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі -122,5%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ (87,7%) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі (63,1 млрд. теңге).
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған жобалар базасы құрылды.
Олардың ішінде өңірлік индустрияландыру картасына 6 инвестициялық жоба енгізілді.
2011 жылы келесі жобаларды іске қосу жоспарланып отырған жобалар:
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «№2 домна пешін салу және реконструкциялау» жобасы;
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «дайындамаларды үзіліссіз құю машинасын салу-3» жобасы;
- «NORD Пром HC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу»;
- «Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту».
2012 жылдан 2015 жыл аралығында іске асырылатын жобалар:
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту»;
«Қарцемент» акционерлік қоғамында  «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу».
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде Үйлестіру кеңесімен 18 жобаның 14-і мақұлданды, мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобының қарауында 4 жоба бар.
2011 жылы 879 немесе жоспарға (827 жұмыс орны) 106,3% жұмыс орны ашылды, оның ішінде нақты секторда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 434 орын, шағын бизнесте 445 орын.
2011 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6336 бірлікті немесе 2010 жылға 105,9%-ды (5984 бірлік) құрады.
2011 жылы шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсу қарқыны  2010 жылға қарағанда  105,9%-ды құрады.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2011 жылы 21770 адамды немесе 2010 жылға 102,2%-ды (21310 адам) құрады.
2011 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 35780 млн. теңгені құрады немесе 2010 жылға қарағанда 2 есеге артты (17450,0 млн. теңге).
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2011 жылы бюджетке 2615 млн. теңге немесе 2010 жылға 101,9% (2566,7 млн. теңге) төлем түсті.
2011 жылы қалалық бюджетке түскен түсімдер көлемі нысаналы трансферттерді ескергенде 9774,4 млн. теңгені немесе жоспарға 103,1%-ды (9476,3 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,5%-ды немесе жоспарлы 9670,0 млн. теңгеге  9621,9 млн. теңгені құрады.
Пайдаланылмаған мақсатты тағайындаулардың қалдығы - 48,1 млн. теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджет есебінен- 47,7 млн. теңге;
- жергілікті бюджет есебінен – 0,4 млн теңге.
Азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының индексі 2011 жылдың желтоқсанында 100,6%-ды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен. 2011 жылдың желтоқсанында азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі 100,3%-ды құрады, бұл орташа республикалық  көрсеткіштен 0,1%-ға төмен.
2011 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 3969 адамды құрап отыр (2010 жылы - 4116 адам), жұмысқа орналастырылғаны - 3848 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 97%-ы.
Кедейлік деңгейінен (6268 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2011 жылы  213 адамды (49 отбасы), 2010 жылы 234 адамды (56 отбасы) құрады.
2011 жылы кедейлік деңгейі 0,1%-ды құрады  немесе 2010 жылғы деңгейде.
2011 жылы 3854,4 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 266 адамға тағайындалды (2010 жылы –3760,3 мың теңге сомасына 307 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 4207,9 мың теңге сомасына 2934 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2010 жылы 15974,7 мың теңге сомасына 3737 адам).
Тұрғын үй жәрдемақысы 7219,0 мың теңге сомасына 220 отбасына (422 адам) тағайындалды (2010 жылы – 3919,8 мың теңге сомасына 218 отбасы, 408 адам).
2011 жылы 523 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға 2011 жылы 1269 адам жіберілді (2010 жылы - 939 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны–6770. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиеге қамтылғаны- 5202 немесе 76,8%. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (56,7%) өсім 20,1%.
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 18561 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 1926, 1 компьютерге келетін оқушы саны-9,6 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 477 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 26,6-ны құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1335 адам.
Орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 74,4-ті құрайды.
2011 жылы туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа –82,3 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0-ге төмендеді (2010 жылы –84,3).
2011 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға 1488,4 млн. теңге көзделді, 2011 жылы жоспарлы 588,4 млн. теңгеге қарағанда игерілу 100%-ды құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджет – 870,5 млн. теңге;
- областной бюджет – 91,7 млн. теңге;
- қалалық бюджет -526,2 млн теңге.
2011 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15039,0 млн. теңге сомасында болды немесе 2010 жылға (9,975,3 млн. теңге) 105,8%-ды құрады.
2011 жылы 23,8 мың ш.м немесе өткен жылғы сәйкес кезеңге 121,4% тұрғын үй енгізілді (19,6 мың ш.м.). Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 35,5% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жеке құрылыс есебінен орындалды, жеке инвестициялар 35,3%-ды, жалдамалы тұрғын үй 29,2%-ды құрайды.
Жылу беру маусымы Теміртау қаласында тұрақты өтуде.
Тұрғын үйлер, әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандары мен заңды тұлғалар жылумен қамтылған.
Теміртау қаласының тіршілігін қамтамасыз етуші кәсіпорындардың, тұрғын үй қорының және бюджеттік сала нысандарының алдағы қысқа дайындығы бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілді.
ТЭЦ-2 бойынша дайындық жұмыстарының жалпы құны 1 562 млн. теңгені құрайды.
Келесі жұмыстар жүргізілді:
№2 қазандыққа  кеңейтілген ағымды жөндеу, №4 турбогенераторға күрделі жөндеу, №6 қазандыққа кеңейтілген ағымды жөндеу жүргізу. №3 турбогенераторға жөндеу жүргізу жалғасуда, орындалуы -  85%. Көмір бойынша отын қоры – 164,3 мың тонна немесе нормативтік қордың 86%-ы;  мазут бойынша – 6,65 мың тонна немесе нормативтік қордың 134%-ы.
ҚарГРЭС-1 бойынша жөндеу жұмыстарының жалпы құны 452 млн. теңгені құрайды.
Келесі жұмыстар жүргізілді:
№9 қазандық агрегатын күрдел жөндеу, №10 қазандық агрегатын ағымды жөндеу, №11 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымды жөндеу, №8 турбогенераторды кеңейтілген ағымды жөндеу, №9 турбогенераторды күрделі жөндеу. Көмір бойынша отын қоры: - 73,4 мың тонна - 122%; мазут бойынша - 0,449 мың тонна - 150%. 2,0 мың тонна әлеуметтік мазутқа шарт жасалды. Жеткізу кестесі – қазан -ақпан. Қазіргі уақытта 1218 тонна алынды.
Көмір Восточный разрезінен (Екібастұз қаласы) жеткізіледі.
«Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша жылу беру маусымы қарсаңындағы шаралардың құны 1,5 млрд. теңгені құрады.  Жылу желілері бойынша 22,096 км, оның ішінде 13,341 км магистральдық желілер,  8,755 км кварталішілік желілер жөнделді.
Ұзындығы 5,85 км су құбырлары желілері бойынша жөндеу жұмыстары атқарылды, оның ішінде кәріз желілері – 0,77 км, электр желілері – 52,076 км.   «Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ҚарГРЭС-1 жұмысы апатқа байланысты тоқтатылған жағдайда қаланың ескі бөлігі үшін жылумен жабдықтаудың резервтік көзі дайындалды. Көмір, отын қалдықтары және майлау материалдарының қоры 100% жеткізілді.
Әлеуметтік саланың жеке жылу беру жүйесі бар нысандары үшін жылу беру маусымына көмірдің қажетті көлемі әкелінді.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің барлық тұрғын үйлері жылумен қамтамасыз етілген.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.11
  • Euro 419.37
  • Рубль 5.58
Теміртау-13°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 88%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ