ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2012 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Теміртау қаласының  және Ақтау кентінің 2012 жылдың І тоқсанындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

            Қаланың 2012 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2012 жылдың І тоқсанында құндық тұлғада 106,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2011 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда (100,1 млрд. теңге) 6,1%-ға өсті. 2012 жылдың І тоқсанында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 97,8%-ды құрады. Төмендеу «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы өндірісінің өнімді иран бағытында өткізуінің шиеленісті жағдайына байланысты теріс қарқынымен негізделеді.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 92%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 97,7 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда (93,6 млрд. теңге) 4,4%-ға өсті.
2012 жылдың І тоқсанында табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесіні құрады: жалпақ илек -842,2 мың тонна немесе 6,0%-ға, көмір – 2784,2 мың тонна немесе 11,7%-ға,  мырышталған илек – 164,8 мың тонна немесе 6,9%-ға,  құбырлар –13,1 мың тоннаға немесе 4,8%-ға, металл құрылымдары 804 тоннаға немесе 8 есеге, сүт өнімдері 264 тоннаға немесе 9,1%-ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша төмендеді: шойын –718,0 мың тоннаға немесе 12,7%, болат – 801,9 мың тоннаға немесе 16,2%, ақ қаңылтыр – 38,3 мың тоннаға немесе 33,5%, кальций карбиді –9,1 мың тоннағаға немесе 7,1%-ға, цемент – 177,9 мың тоннаға немесе 3,9%, нан және тоқаш бұйымдары – 124 тоннаға  немесе 10,7% төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 25,2 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың І тоқсанына (37,0 млн. теңге) 31,9-ға төмендеді. 2012 жылдың І тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі 70,5%. Ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексінің төмендеуі ірі мүйізді қара басының, сүт және ет өнімдерін өндірудің төмендеуіне байланысты орын алды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылдың І тоқсанында 8,9 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,3% төмендеді (9,3 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі – 91,2%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ (99,1%) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі (7,7 млрд. теңге).
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған 12 жобадан тұратын база құрылды.
Олардың ішінде өңірлік Индустрияландыру картасына 2 инвестициялық жоба енгізілді.
2012 - 2015 жылдарда іске асырылатын республикалық маңызы бар жобалар:
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы. Жобаның жалпы құны: 133554,0 млн. теңге.
- «Қарцемент» акционерлік қоғамында  «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы.  Жобаның құны: 12300 млн. теңге.
2012 жылға 10 жобаны іске қосу жоспарланып отыр:

    - «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – ұзындығы 2700 мм бекіткіштері бар моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдар өндірісі, жобаның құны - 1200 млн. теңге, 90 жұмыс орны ашылатын болады;
    - «Промтехнология» ТКК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – көмір байыту фабрикасы, жобаның құны – 1900,0 млн. теңге, 120 жұмыс орны ашылатын болады (экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынды);
    - «А-сервис техникалық қолдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – тоқыма емес материалдар өндірісі, жобаның құны –300,0 млн. теңге, 30 жұмыс орны ашылатын болады;
    - «Temir Logistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобасы,  жобаның құны – 1900,0 млн. теңге, 120 жұмыс орны ашылатын болады;
    - «Вавилон» сауда желісі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – су және алкогольсіз  сусындарды өндіру және бөліп құю, жобаның құны 166,0 млн. теңге, 80 жұмыс орны ашылатын болады;
    - «Simplex Mash» ЖШС – вагон және вагон арбаларын жасау, жобаның құны 4500,0 млн. теңге, 700 жұмыс орны ашылатын болады (Қарағанды облысындағы жалғыз кәсіпорын);
    - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – ауа бөлу блогын салу, жобаның құны 19000,0 млн. теңге, 30 жұмыс орны ашылатын болады.

            «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына 2 жоба ие болды және кредиттелді:

    - «Имсталькон Теміртау» ЖШС – жабдық сатып алу, қойма салу, айналымдағы қаражаттарды толықтыру, жобаның құны 300,0 млн. теңге, 12 жұмыс орны ашылды;
    - «777» фирмасы ЖШС – арнаулы техника сатып алу, жобаның құны 11,3 млн. теңге, 2 жұмыс орны ашылды.

1 жоба Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына ие болды:

    - жеке кәсіпкер Бабаков – нан-тоқаш бұйымдары өндірісін жаңғырту, жобаның құны 30,0 млн. теңге, 17 жұмыс орны ашылатын болады.

            2012 жылдың 01 сәуіріне жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 6034 бірлік.
Ағымдағы жылдың І  тоқсанында 184  немесе жоспарға (165 жұмыс орны) 111,5% жұмыс орны ашылды, оның ішінде нақты секторда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 112 орын, шағын бизнесте 72 орын.
2012 жылдың 01 сәуіріне тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6484 бірлікті немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 105,6%-ды (6143 бірлік) құрады.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны ағымдағы жылдың І тоқсанында 19857 адамды немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%-ды (19406 адам) құрады.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 8750 млн. теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 136,4%-ды (6415 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылдың                                      І тоқсанында бюджетке 682,0 млн. теңге төлем түсті.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында қалалық бюджетке түскен түсімдер көлемі нысаналы трансферттерді ескергенде 2166,4 млн. теңгені немесе жоспарға 120,6%-ды (1796,7 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,9 %-ды немесе жоспарлы 1844,4 млн. теңгеге 1842,4 млн. теңгені құрады.
Пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы -2,0 мың теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен - 1617 мың теңге;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 375 мың теңге.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі наурызда ағымдағы жылғы ақпанға 100,2%-ды құрады немесе  бұл орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде. Азық-түлік тауарлар бағасының индексі ағымдағы жылдың наурызында ағымдағы жылғы ақпанға 100,6%-ды құрады немесе  бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 878 адамды құрап отыр (2011 жылдың І тоқсанында –844 адам), жұмысқа орналастырылғаны-374 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 42,6%-ы.
Кедейлік деңгейінен (5827 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны ағымдағы жылдың І тоқсанында - 207 адам (46 отбасы), 2011 жылдың І тоқсанында –227 адам (56 отбасы).
Кедейлік деңгейі ағымдағы жылдың І тоқсанында– 0,11%, немесе 2011 жылдың І тоқсанында 0,13%-ды құрады немесе 0,02%-ға төмендеді.     Ағымдағы жылдың І тоқсанында 856,1 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 160 адамға тағайындалды (2011 жылдың    І тоқсанында–1059,0 мың теңге сомасына 183 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 865,4 мың теңге сомасына 527 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2011 жылдың                        І тоқсанында 1097,3 мың теңге сомасына 933 адам).
Ағымдағы жылдың І тоқсанында 157 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жылдың І тоқсанында 59 адам жіберілді (2011 жылдың І тоқсанында - 245 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны–6773, олардың 5202-сі  немесе 76,8%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда оқып, тәрбиеленуде,  яғни өсім 0,9% (2011 жылдың І тоқсанында -75,9%).
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 18561 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 1829, 1 компьютерге келетін оқушы саны-9,9 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 477 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 27,6-ны құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1335 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 74,4-ті құрайды.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа –16,1 немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8-ге төмендеді (2011 жылдың жылдың І тоқсанында –17,9).
2012 жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу және (немесе) сатып алуға 55,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда, оның ішінде:

    - республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 50 млн. теңге;
    - облыстық бюджет қаражаты есебінен – 5,5 млн. теңге.

          2012 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 9,9 млн. теңге сомасына  жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады:
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44 тұрғын үйді реконструкциялау» - 4,4 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №46 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,5 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйді реконструкциялау» - 3,0 млн. теңге;
Сондай-ақ, 2012 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төмендегілер жоспарланып отыр:

    - 7,3 млн. теңге сомасына Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44,46 және  Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу.
    - 10,6 млн. теңге сомасына Соцқаланың шаруашылық-фекалдық канализациясын салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
    - 11,8 млн. теңге сомасына № 2,3 фекалдық-насос стансыларын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
    - 79,1 млн. теңге сомасына әкімдік алдындағы субұрқақты реконструкциялауды аяқтау.

             2012 жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 2515,8 млн. теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 151,7%-ды құрады (1657,9 млн. теңге).
2012 жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 144,9%-ды құрады.
2012 жылдың І тоқсанына тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма 8,0 мың ш.м, орындалғаны 8,1 мың ш.м. немесе жоспарға  101,3%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 98,1% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жалдамалы тұрғын үй есебінен орындалды, жеке құрылыс 153 ш.м. құрайды.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.
2012 жылы ТЭЦ-2 жоспарланып отырған негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары:
- № 1 қазандық агрегатын күрделі жөндеу (2012 жылғы сәуір-маусым – 90 күнтізбелік күн);
- № 2 қазандық агрегатын  күрделі жөндеу (2012 жылғы шілде-қазан – 100 күнтізбелік күн);
- № 3 қазандық агрегатын  кеңейтілген-ағымды жөндеу (2012 жылғы маусым-шілде –30 күнтізбелік күн);
- № 2 турбогенераторды күрделі жөндеу (2012 жылғы маусым-тамыз –70 күнтізбелік күн);
2012 жылы «Bassel Group LLS» ЖШС жоспарланып отырған негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары:
- № 9 қазандық агрегатын күрделі жөндеу (2012 жылғы сәуір-мамыр –45 күнтізбелік күн);
- № 10 қазандық агрегатын ағымды жөндеу (2012 жылғы маусым-тамыз – 70 күнтізбелік күн);
- № 11 қазандық агрегатын күрделі жөндеу (2012 жылғы тамыз-қазан – 60 күнтізбелік күн);
- № 8 турбогенераторды кеңейтілген-ағымды жөндеу (2012 жылғы шілде – 30 күнтізбелік күн);
- № 9 турбогенераторды ағымды жөндеу (2012 жылғы мамыр – 6 күнтізбелік күн).
«Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшыларымен  жылу беру маусымына дайындалу үшін 1,6 млрд. теңге бөлінді, желілерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр:

    - жылу желілері - 17,1 км;
    - су құбырлары желілері - 16,422 км;
    - кәріз желілері – 0,322 км;
    - электр желілері – 21,43 км.

Тұрғын үйлердің, жеке сектордың, әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарының жылу беру тораптарын тапсыру кестелері жасалды.
Жаз мерзімі ішінде барлық 1165 көпқабатты тұрғын үйлерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 341.08
  • Euro 394.46
  • Рубль 5.37
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ