ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2012 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 

Теміртау қаласының  және Ақтау кентінің 2012 жылдың
І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындылары туралы

  Қаланың 2012 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2012 жылдың І жартыжылдығында құндық тұлғада 209,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (219,4 млрд. теңге) 95,7%-ға өсті. 2012 жылдың І жартыжылдығында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 90,2%-ды құрады. Төмендеу себебі «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында өндірілетін өнімді өткізу рыногындағы проблемалар және аглодомна өндірісіндегі авария болды.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 90,1%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 183,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (199,0 млрд. теңге) 7,6%-ға төмен.
2012 жылдың І жартыжылдығында табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесіні құрады: көмір – 36,5 мың тонна немесе 0,7%-ға,  цемент – 38,9 мың тонна немесе 6,8%, кальций карбиді – 3,1 мың тонна немесе 22%-ға, металл құрылымдары 1210 тоннаға немесе 3 есеге, сүт өнімдері 858 тоннаға немесе 14,4%-ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша төмендеді: жалпақ илек 187,5 мың тоннаға немесе 11,4%-ға, мырышталған илек 36,2 мың тоннаға немесе 11,7%-ға, құбырлар  0,1 мың тоннаға немесе 0,4%-ға, шойын –252,7 мың тоннаға немесе 15,4%-ға, болат –377,9 мың тоннаға немесе 19,7%-ға, ақ қаңылтыр –24,6 мың тоннаға немесе 21%-ға, нан және тоқаш бұйымдары –253 тоннаға  немесе 10,8%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 72,4 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың І жартыжылдығына (100,1 млн. теңге) 27,7%-ға төмендеді. 2012 жылдың І жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі – 74,3%. Ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексінің төмендеуі жем-шөптің қымбаттауы және жайылымдарға арналған алқаптардың болмауынан мал басының кемуіне байланысты орын алды.
  Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылдың                                         І жартыжылдығында 18,9 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 21,6% төмендеді (24,1 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі –75,2%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ (84,1%) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі (15,9 млрд. теңге).
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған 12 жобадан тұратын база құрылды.
Өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 2012-2015 жылдар аралығында  2 жоба іске асырылады:
2012 - 2015 жылдарда іске асырылатын республикалық маңызы бар жобалар:
  - «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы;
- «Қарцемент» акционерлік қоғамында  «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы. 
Аталмыш жобаны іске асыру шеңберінде 2011 жылғы желтоқсанда келесілер пайдалануға ензілді:
- «№2 домна пеші» (68 жұмыс орны ашылды, 400 тонна шойын өндірілді);
- «Дайындамаларды үзіліссіз құю машинасы – 3»(ағымдағы жылғы 25 сәуірде мемлекеттік комиссия актісіне қол қойылды, 80 жұмыс орны ашылды, 6,0 мың тонна дайындама шығарылды);
- «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу» (2011 жылғы мамырда іске қосылды);
- «Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту» (2011 жылғы маусымда іске қосылды).
2012 жылы Сараптау кеңесімен Индустрияландыру картасына енгізу үшін 3 жоба мақұлданып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жіберілді:
- «Промтехнология» ТКК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – көмір байыту фабрикасы;
- «А-сервис техникалық қолдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – тоқыма емес материалдар өндірісі;
- «Temir Logistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобалары.
«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 5 жоба кредиттелді:
- «Имсталькон Теміртау» ЖШС – жабдық сатып алу, қойма салу;
- «777» фирмасы ЖШС – арнаулы техника сатып алу;
- «TTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Автобус паркін жаңарту  үшін автобустар сатып алу;
- «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдар өндірісі;
- Жеке кәсіпкер «Бабаков»  – нан-тоқаш бұйымдарын шығару өндірісін жаңғырту, жобаның құны 30,0 млн. теңге, 17 жұмыс орны ашылатын болады.
3 жоба Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына ие болды:
- «Универсалстрой Теміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
құрылыс материалдары өндірісі, жобаның құны 50 млн. теңге;
-   «Гранит» өндіріс кооперативі – таза табиғи тасты өңдеу көлемін ұлғайту, жобаның құны 60 млн. теңге;
- Жеке кәсіпкер «Фадеева» - тұрмыстық техниканы, аудио, бейне аппаратураны, электр құралдарын, ұялы телефондарды жөндеу, жобаның құны 1,2 млн. теңге.
2012 жылы жеке қаражаттар есебінен 2 жоба іске асырылады:
-  «Вавилон» сауда желісі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – су және алкогольсіз  сусындарды өндіру және бөліп құю;
- «Симплекс Маш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – вагондар және вагон арбаларын жасау. 
2012 жылдың 01 шілдесіне жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 6081 бірлік.
Ағымдағы жылдың І  жартыжылдығында 372 немесе жоспарға (165 жұмыс орны) 101,6% жұмыс орны ашылды, оның ішінде нақты секторда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 237 орын, шағын бизнесте 135 орын.
2012 жылдың 01 шілдесіне тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6550 бірлікті немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 105,1%-ды (6234 бірлік) құрайды.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 21930 адамды немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 101,9%-ды (21514 адам) құрады.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 18170 млн. теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 191,3%-ды (9500 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылдың                                      І жартыжылдығында бюджетке 1328,0 млн. теңге төлем түсті.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қалалық бюджетке түскен түсімдер көлемі нысаналы трансферттерді ескергенде 4642,6 млн. теңгені немесе жоспарға 107,2%-ды (4328,9 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,98 %-ды немесе жоспарлы 4558,6 млн. теңгеге 4557,9 млн. теңгені құрады.
Пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы – 769,9 мың теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен – 142,9 мың теңге;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 625 мың теңге.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі ағымдағы жылдың маусымында  ағымдағы жылғы мамырға 100,4%-ды құрады немесе  орташа республикалық көрсеткіштен 0,2%-ға жоғары. Азық-түлік тауарлар бағасының индексі ағымдағы жылдың маусымында ағымдағы жылғы мамырға 100,4%-ды құрады немесе  бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,2%-ға жоғары.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 2027 адамды құрап отыр (2011 жылдың І жартыжылдығында –1742 адам), жұмысқа орналастырылғаны-1324 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 65,3%-ы.
Кедейлік деңгейінен (5841 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны ағымдағы жылдың І жартыжылдығында - 222 адам (50 отбасы), 2011 жылдың І жартыжылдығында –197 адам (48 отбасы).
Кедейлік деңгейі ағымдағы жылдың І жартыжылдығында – 0,12%.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 1736,5 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 210 адамға тағайындалды (2011 жылдың    І жартыжылдығында – 2000 мың теңге сомасына 211 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 1780,2 мың теңге сомасына 992 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2011 жылдың І жартыжылдығында 2028,8 мың теңге сомасына 1531 адам).
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 285 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 679 адам жіберілді (2011 жылдың І жартыжылдығында - 576 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 6810, олардың 5314-і  немесе 78%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда оқып, тәрбиеленуде,  немесе 2,1%-ға өсті (2011 жылдың І тоқсанында -75,9%).
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектептерінде 18561 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 1829, 1 компьютерге келетін оқушы саны-10,1 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 471 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 26,1-ді құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1365 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 75,5-ті құрайды.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа – 43,7 немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8-ге төмендеді (2011 жылдың жылдың І жартыжылдығында – 47,5).
2012 жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу және (немесе) сатып алуға 55,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 50 млн. теңге;
- облыстық бюджет қаражаты есебінен – 5,5 млн. теңге.
2012 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 15,9 млн. теңге сомасына  жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады:
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44 тұрғын үйді реконструкциялау» - 4,4 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №46 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,2 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,7 млн. теңге;
- 42 тұрғын үйді салу (бұрын әзірленген жобаның қосымшасы) – 6,6 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 4,9 млн. теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оның ішінде:
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №46 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,2 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,7 млн. теңге;
Сонымен қатар, 2012 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төмендегілер жоспарланып отыр:
7,3 млн. теңге сомасына Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44,46 және  Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу.
- 10,6 млн. теңге сомасына Соцқаланың шаруашылық-фекалдық канализациясын салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
- 11,7 млн. теңге сомасына № 2,3 фекалдық-насос стансыларын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
- 79,1 млн. теңге сомасына әкімдік алдындағы субұрқақты реконструкциялауды аяқтау.
   2012 жылдың І жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 9182,7 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 2 есе өсті (4483,9 млн. теңге).
2012 жылдың І жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 195,2%-ды құрады.
2012 жылдың І жартыжылдығына тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма – 16,0 мың ш.м, орындалғаны 16,2 мың ш.м. немесе жоспарға  101,3%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 49,1% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жалдамалы тұрғын үй есебінен орындалды, жеке құрылыс 35,1%-ды, жеке инвестициялар – 15,8%-ды құрайды.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.
2012 жылы ТЭЦ-2-дегі жұмыстардың жалпы құны 1653 млн. теңгені құрайды. Жоспарланып отырған негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары:
  - № 1 қазандықты күрделі жөндеу (2012 жылғы 15 тамыздан 13 қарашаға дейін – 90 күнтізбелік күн);
- № 2 қазандықты күрделі жөндеу (2012 жылғы 17 маусымнан 14 тамызға дейін – 90 күнтізбелік күн);
- № 3 қазандықты ағымды жөндеу (1 наурыздан 10 наурызға дейін – 10 күнтізбелік күн), (1 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін – 10 күнтізбелік күн);
№ 5 қазандықты ағымды жөндеу (10 наурыздан 20 наурызға дейін – 10 күнтізбелік күн), (15 шілдеден 25 шілдеге дейін және 1 қарашадан 11 қарашаға дейін – 10 күнтізбелік күн);
  - №1 турбогенераторға күрделі жөндеу жүргізілуде (1 сәуірден 30 қарашаға дейін);
- №6 қазандық агрегатына кеңейтілген-ағымды жөндеу жүргізілді (26 наурыздан 15 сәуірге дейін);
- №4 қазандық агрегатына кеңейтілген-ағымды жөндеу жүргізілді (20 сәуірден 30 мамырға дейін).
«Bassel Group LLS» ЖШС  бойынша жаз мезгіліндегі жөндеу жұмыстарының жалпы құны – 590,6 млн.теңгені құрайды. Жоспарланып отырған негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары:
- № 10 қазандық агрегатын күрделі жөндеу жүргізілуде (19 маусымнан 16 қыркүйекке дейін – 90 күнтізбелік күн);
  - № 9 турбогенераторды кеңейтілген-ағымды жөндеу жүргізілуде (14 сәуірден 15 шілдеге дейін).
Генератор мен турбинаны жөндеу жұмыстары, қосалқы жабдықтағы жұмыстар жүргізілуде.
        -№ 11 қазандық-агрегатын күрделі жөндеу жоспарланып отыр (27 тамыздан 25 қазанға дейін – 60 күнтізбелік күн);
        - №8 турбогенераторды кеңейтілген-ағымды жөндеу жоспарлануда (10 тамыздан 8 қыркүйекке дейін);
№9 қазандық-агрегатын күрделі жөндеу жұмысы орындалды.
«Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшыларымен  2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындыққа 1,236 млрд. теңге бөлінді, желілерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр:
-  жылу желілері - 17,1 км, оның ішінде:
- магистралдық желілер бойынша – 12,339 км;
- кварталішілік желілер бойынша – 4,76 км.
- су құбырлары және кәріз желілері - 19,64 км;
- электр желілері бойынша – 21,4 км;
- кіші электр стансылары бойынша –10 бірл.
Жаз мерзімі ішінде барлық 1165 көпқабатты тұрғын үйлерде, мектепке дейінгі мектеп мекемелерінде, денсаулық сақтау және спорт нысандарында  әзірлік актлері алына отырып, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ