ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2012 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы


Теміртау қаласының және
Ақтау кентінің 2012 жылдың
9 айындағы әлеуметтік-экономикалық
даму қорытындылары туралы

 


  Қаланың 2012 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2012 жылдың 9 айында құндық тұлғада 308,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (325,4 млрд. теңге) 5,2%-ға төмендеді. 2012 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 90,6%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің төмендеу себептері төмендегілер болып табылады: Таяу Шығыс рыногында тапсырыстардың болмауы, тауар прокаты түрлерінің ТМД бәсекелес рыноктарына қайта бағдарлануы, жергілікті рыноктың металл илектеріне деген төмен сұранысы.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 88,7%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 263,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (288,5 млрд. теңге) 8,8%-ға төмен.
2012 жылдың 9 айында табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесіні құрады: көмір –191,6 мың тонна немесе 2,2%-ға,  цемент –125,0 мың тонна немесе 12,2%-ға, кальций карбиді –4,7 мың тонна немесе 28%-ға, металл құрылымдары 1653 тоннаға немесе 2,5 есеге, сүт өнімдері 919 тоннаға немесе 13,9%-ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша төмендеді: жалпақ илек 268,8 мың тоннаға немесе 12,8%-ға, мырышталған илек 66,4 мың тоннаға немесе 14,2%-ға, құбырлар  3,0 мың тоннаға немесе 6,5%-ға, шойын –297,2 мың тоннаға немесе 12,2%-ға, болат - 500,4 мың тоннаға немесе 17,7%-ға, ақ қаңылтыр –37,1 мың тоннаға немесе 24,1%-ға, нан және тоқаш бұйымдары -301 тоннаға  немесе 8,7%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 936,5 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың 9 айына (1195,9 млн. теңге) қарағанда 21,7%-ға төмендеді. 2012 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі – 100,8%.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылдың                                         9 айында 42,5 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 14,5% төмендеді (37,1 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі –110%.
Теміртау қаласы бойынша Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асырылуы 2011-2015 жылдарға жоспарланған инвестициялық және инновациялық жобалардан тұратын база құрылды.
Өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 2012-2015 жылдарда 2 жоба іске асырылады:
- «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы; 
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы.
Аталмыш жобаны іске асыру шеңберінде 2011 жылғы желтоқсанда келесілер пайдалануға енгізілді:
- №2 домна пеші, 68 жұмыс орны ашылды, 400 тонна шойын өндірілді;
- Дайындамаларды үзіліссіз құю машинасы – 3, 80 жұмыс орны ашылды, 6,0 мың тонна дайындама шығарылды;
- NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу» 2011 жылғы мамырда іске қосылды;
- Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту 2011 жылғы маусымда жүргізілді.
«Бизнестің Жол картасы» - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің 14 жобасы кредиттелді.
2012 жылы Сараптау кеңесімен Индустрияландыру картасына енгізу үшін 1 жоба мақұлданып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жіберілді:
-  «TemirLogistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобасы.
«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 8 жоба кредиттелді:
- «Имсталькон Теміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдық сатып алу, қойма салу;
- «777» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде арнайы техника сатып алу;
- «TTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус паркін жаңарту үшін автобустар сатып алу;
- «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдар өндірісі;
- Жеке кәсіпкер «Бабаков»  – нан-тоқаш бұйымдарын шығару өндірісін жаңғырту, жобаның құны 30,0 млн. теңге, 17 жұмыс орны ашылатын болады.
3 жоба Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына ие болды:
- «Универсалстрой Теміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдары өндірісі, жобаның құны 50 млн. теңге;
-   «Гранит» өндіріс кооперативі – таза табиғи тасты өңдеу көлемін ұлғайту, жобаның құны 60 млн. теңге;
- Жеке кәсіпкер Фадеева - тұрмыстық техниканы, аудио, бейне аппаратураны, электр құралдарын, ұялы телефондарды жөндеу, жобаның құны 1,2 млн. теңге.
2012 жылы жеке қаражаттар есебінен 3 жоба іске асырылады:
-  «Вавилон» сауда желісі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде су және алкогольсіз сусындарды өндіру және бөліп құю;
- «Симплекс Маш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде вагондар және вагон арбаларын жасау;
- «А-сервис техникалық қолдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тоқыма емес материалдар өндірісі жобасы.
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 7 жоба Үйлестіру кеңесінде қаралып, мақұлданды:
- «Теміртау кірпіші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Инженерлік инфрақұрылым салу (автожолдар, теміржол тұйықталымы, кәріз сорап стансысымен су бұру жүйесі)» жобасы;
- «Земдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Жүк тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту» жобасы. 6 өздігімен жүк түсіру көлігі сатып алынды;
- «Водоканалстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі, желі жұмыс істеп тұр, өндірісті жаңғыртуға арналған жабдықты жасау жұмысы жүргізілуде (өз күшімен), «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алынған қаражаттар қайта қаржыландыруға жұмсалатын болады;
-   «Дат TS фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус паркін жаңарту жобасы, 6 автобус сатып алынды;
- «Фолти» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоғары сапалы буып-түю өндірісі, буып-түю өндірісіне арналған машиналар кешені сатып алынды;
- «СУ-41» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде HOWO өздігімен жүк түсіру көлігінің 6 бірлігі сатып алынды (пайыздық ставканы субсидиялау);
ЖК Мусина жылжымалы составты жаңарту жобасы (SHAOLIN маркалы  автобустардың 5 бірлігі сатып алынды).
Ағымдағы жылдың 9 айында 466 немесе жоспарға (454 жұмыс орны) 102,6% жұмыс орны ашылды, оның ішінде нақты секторда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 250 орын, шағын бизнесте 216 орын.
2012 жылдың 1 қазанына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6635 бірлікті немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 105,4%-ды (6297 бірлік) құрайды.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны ағымдағы жылдың 9 айында 22118 адамды немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 102,4%-ды (21602 адам) құрады.
Ағымдағы жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 32240 млн. теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 53,0%-ды (21070 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылдың                                      9 айында бюджетке 2400,0 млн. теңге немесе өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (2344,0 млн. теңге) 2,4% артық төлем түсті.
Ағымдағы жылдың 9 айында қалалық бюджетке кірістердің түсуі 7668,6 млн. теңгені немесе жоспарға 109,4%-ды (7012,7 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,97 %-ды немесе жоспарлы 7251,2 млн. теңгеге 7249,3 млн. теңгені құрады.
Пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы –1865,7 мың теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен –1566,7 мың теңге;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 299 мың теңге.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі ағымдағы жылдың қыркүйегінде   ағымдағы жылғы тамызға 100,3%-ды құрады немесе  орташа республикалық көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары. Азық-түлік тауарлар бағасының индексі ағымдағы жылдың қыркүйегінде ағымдағы жылғы тамызға 100,4%-ды құрады немесе  бұл орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде.
Ағымдағы жылдың 9 айында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 3544 адамды құрап отыр (2011 жылдың 9 айында - 3848 адам), жұмысқа орналастырылғаны 2763 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 78%-ы.
Кедейлік деңгейінен (6094 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны ағымдағы жылдың 9 айында - 203 адам (44 отбасы), 2011 жылдың 9 айында –196 адам (46 отбасы).
Ағымдағы жылдың 9 айындағы кедейлік деңгейі – 0,11%.
Ағымдағы жылдың 9 айында 2559,7 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 250 адамға тағайындалды (2011 жылдың 9 айында – 2874,3 мың теңге сомасына 218 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 2982,8 мың теңге сомасына 1536 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2011 жылдың 9 айында 3254,6 мың теңге сомасына 2300 адам).
Ағымдағы жылдың 9 айында 491 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жылдың 9 айында 1072 адам жіберілді (2011 жылдың 9 айында - 935 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 6848, олардың 5314-і  немесе 77,6%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда оқып, тәрбиеленуде,  немесе 2%-ға өсті (2011 жылдың 9 айында -75,6%).
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектептерінде 18508 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 2149, 1 компьютерге келетін оқушы саны- 8,6 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 519 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 28,7-ні құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1379 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 75,5-ті құрайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа –62,0 немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6-ға төмендеді (2011 жылдың жылдың І жартыжылдығында –64,6).
2012 жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу және (немесе) сатып алуға 55,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 50 млн. теңге;
- облыстық бюджет қаражаты есебінен – 5,5 млн. теңге.
2012 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 22,4 млн. теңге сомасына  жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады:
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44 тұрғын үйді реконструкциялау» - 4,4 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №46 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,2 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,7 млн. теңге;
- 42 тұрғын үйді салу (бұрын әзірленген жобаның қосымшасы) –13,1 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2012 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төмендегілер жоспарланып отыр:
- 7,3 млн. теңге сомасына Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44,46 және  Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу.
- 9,5 млн. теңге сомасына Соцқаланың шаруашылық-фекалдық канализациясын салуға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
- 11,3 млн. теңге сомасына № 2,3 фекалдық-насос стансыларын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;
- 78,5 млн. теңге сомасына әкімдік алдындағы субұрқақты реконструкциялауды аяқтау.
2012-2013 жылдарға қаланың ескі бөлігінің ұзындығы 27,713 км кварталішілік жолдары мен автомобиль жолдарын реконструкциялау үшін 62,3 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, 2012-2013 жылдарға 16 көтергіш сорап стансысын салу үшін 14,9 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
   2012 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 15201,1 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 69,1%-ға өсті (8989,9 млн. теңге).
2012 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 127,9%-ды құрады.
2012 жылдың 9 айына тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма –22,4 мың ш.м, орындалғаны 23,9 мың ш.м. немесе жоспарға  106,7%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 36,7% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жалдамалы тұрғын үй есебінен орындалды, жеке құрылыс 56,1%-ды, жеке инвестициялар –7,4%-ды құрайды.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.
2012 жылы ТЭЦ-2-дегі жұмыстардың жалпы құны 1653 млн. теңгені құрайды. Негізгі жабдыққа келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:
  - № 4,6  қазандықтарды кеңейтілген-ағымды жөндеулер орындалды; 
  - № 3 қазандықты ағымды жөндеу;
- № 2 қазандықты күрделі жөндеу аяқталды, орындалуы 95%-ды құрап отыр, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде);
- № 1 қазандықты күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде (кесте бойынша 15 тамыздан 13 қарашаға дейін), қазандықты жөндеу 2012 жылғы 20 қыркүйекте басталды, 10%-ы орындалды, жұмыстар 2012 жылғы 04 желтоқсанда аяқталады;
  - №1 турбогенераторға, № 1 генераторға күрделі жөндеу жүргізілуде (1 сәуірден 30 қарашаға дейін), 46 % орындалды.
2012 жылғы қазанда «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында домна газындағы қазандықты іске қосу жоспарлануда. Қазандық іске қосылғаннан  кейін ТЭЦ-2 жылу энергиясын үнемдеу 50 ден 100Гкал/ сағ. құрайтын болады.
«Bassel Group LLS» ЖШС  бойынша жаз мезгіліндегі жөндеу жұмыстарының жалпы құны – 590,6 млн.теңгені құрады.  Негізгі жабдыққа төмендегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
- № 9,10,11 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу аяқталды;
- № 9 турбогенераторды  кеңейтілген-ағымды жөндеу орындалды;
- № 9 трансформаторды жөндеу жүргізілуде (18 тамыздан 15 қарашаға дейін).
14 қазан мен 31 қазан аралығында № 8 турбогенераторға кеңейтілген-ағымды жөндеу жүргізілді.
Қазан айында отынның нормативтік айлық қоры 30 мың тонна көмірді, 300 тонна мазутты құрайды. Көмірді жеткізу Евразия компаниясымен жүзеге асырылады (Екібастұз). Павлодар мұнай өңдеуші зауытымен қазан мен ақпан аралығында ай сайын 600 тоннадан 3000 тонна көлемінде әлеуметтік мазутты жеткізуге шарт жасалды.
«Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшыларымен  2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бойынша  1,2 млрд. теңге сомасына іс-шаралар жүргізілді. Жылу желілерінде  жөндеу жұмыстары аяқталды, 17,527 км желі жөнделді, оның ішінде:
- магистралдық желілер бойынша – 12,767 км;
- кварталішілік желілер бойынша – 4,76 км.
Жұмыстардың толық көлемі орындалды:
- су құбырлары және кәріз желілері - 19,64 км;
- электр желілері бойынша – 21,4 км.
1165 көпқабатты тұрғын үйлерде, мектепке дейінгі, мектеп мекемелері, денсаулық сақтау және спорт нысандары жылу беру маусымына әзір. 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ