ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жалпы сипаттама

Теміртау қаласының туристік қызметі жөніндегі ақпарат

Теміртау – Қарағанды қаласы солтүстік-шығысына қарай 35 шақырымдықта, құрғақ дала аймағында,  солтүстік ендігі 50°  және шығыс ұзақтығы 73°,  Нұра өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Қарағанды қаласының серігі – ең ірі қала болып табылады.
Қала орналасатын аумақ - жалпы солтүстіктегі  су қоймасына қарай  ауытқыған төбелі жер болып келеді. Қаланы оңтүстік жақтан  биік шоқы тау тізбегі, солтүстіктен–су қоймасы, шығыстан металлургиялық комбинат қоршайды.
Өсімдік әлемі көп түрлі өсімдіктерден, қайың мен қарағай тоғайларынан,  ал аумақтың үлкен бөлігі селеу мен бетеге-жусаннан тұрады.
Теміртау тарихы негізгі қаланы құрайтын  кәсіпорын- металлургиялық комбинаттың құрылуы мен даму тарихымен  байланысты.
Қала 1945 жылы 1 қазанда бұрынғы Самарканд кенті базасы негізінде құрылған, кейін Теміртау  болып атауы өзгертілді. Осы уақытта қала аумағы  29610 га құрайды, онда 178.8 мың адам тұрады. Қала құрамына қалалық үлгідегі Ақтау кенті де кіреді. Қала өзінің экономикалық ерекшелігіне сәйкес дамыған инфрақұрылымы бар ірі индустриялық орталық. Қалада 1474 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 176 - өңдеу өнеркәсібі, 373 - құрылыс мекемелері, сауда саласы - 335, көлік және байланыс кәсіпорындары - 61, өзге мекемелер -529. Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндіріс құрылымы төмендегі салалардан құралады: металлургиялық өнеркәсіп және металл өңдеу, химиялық өнеркәсіп, тамақ және ұнды жармалау  өнеркәсібі, электрэнергетика, өзге металға жатпайтын минералдық өнімдер өндірісі. Теміртау қаласы Қазақстан мен оның аумағынан тыс жерлерге маңызды еңбек жолының бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаласы болып танылады.
Теміртау қаласындағы қалалық маңызы бар жолдарының жалпы ұзындығы 295 шақырымды құрайды, оның ішінде:
- асфальтбетондық жабу -   259 шақырым(87,8%);
- қара жол - 36 шақырым(12,2%).
2012 жылы 8,37 шақырымдық автожолдар орташа жөндеуден өтті.
Ағымдағы жөндеуден жолдың 13,3 мың м2 өтті.
Теміртау –  мәдениеті жоғары және Республикадан тыс әйгілі болған  тамаша шығармашылық ұжымдары бар қала. Теміртаулықтарға толық демалыс пен рухани байлық беретін, күнсайын келушілерді қабылдайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған театр, тарихи-өлкетанушы музей, қалалық мәдениет Сарайы, демалыс саябағы, саңыраулар мәдениет үйі, «Ақтау» мәдени ошағы, екі кинотеатры жұмыс істейді. Теміртау қаласына ерекше рең беретін балалар мен жасөспірімдерге арналған театр ғимараты, Мәдениет Сарайының ғимараты, Ұлы Отан соғысында қаза болған теміртаулық жауынгерлерге арналған  ескерткіш.
Сізді Теміртау қалалық саябақ аумағында орналасқан Қысқы бақтың тропикалық өсімдіктер арасында өтетін  экскурсия күтіп тұрады. Бұл өсімдіктер Қарағандының ботаникалық бағынан әкелінген, кейін Алматылық ботаникалық бақтан әкелінген коллекциямен толықтырылған. Өнеркәсіптік қаланың ортасындағы бұл тамаша оазис Теміртау қаласының ғана емес бүкіл облыстың назарын аударады. Қаланың көптеген қонақтары ескерткіш ретінде Қысқы бақтағы коллекцияны толтырып әр түрлі өсімдіктер отырғызады.
Қазіргі уақытта отаны тропикалық, субтропикалық елдер және біздің планетадағы шөл дала аудандары болып табылатын Қысқы бақ өсімдіктерінің 120 түрі бар.
Қалада екі тамаша музей бар, өлке танушы музейдің оңдаған залында табиғат, палеонология, этнография және өлкеміздің тарихы жөніндегі экспонаттар қойылған. Ал теміртаулықтардың жаңа мақтанышына айналған Бірінші Президент атындағы мәдени - бос уақыт орталығы. Мұнда замануи технологиялар арқылы аймақтар жетістігі мен Қазақстан көшбасшысы өмірінің негізгі кезеңдерімен, Қазақстанның  даму тарихымен танысуға болады. Музейде электрондық ақпарат құралдары - Touchscreen экрандары  жұмыс істейді. Көрсететін видеожолсілтеуш арқылы әрбір экскурсант өткен ғасырға қызықты  саяхат жасауына болады.
Дамыған сауда желісі бар Теміртауда 467 азық-түлік, 227 өнеркәсіптік дүкендері, 222 қызмет көрсету саласының объектісі бар, оған қоса 9 супермаркеті жұмыс істейді.
Қазіргі кезде қалада 16 туристік фирмасы, 14 қонақүйі, 1 таушана  кешені, 2 демалыс аймағы, 1 сауықтандыру лагері, 1 туризмді ұйымдастырумен  айналысатын «Царские забавы» жылқы клубы жұмыс істейді.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ