ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Әкім аппаратының бөлімдері

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы: 


Ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі
Қала әкімінің, әкімдіктің, қала әкімі аппаратының жұмысын жоспарлайды, ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;қала әкімінің жиналыстарын, тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастырады; қала әкімінің тұрғындар алдында өткізген есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау; облыс және қала әкімі берген тапсырмалардың орындалуын бақылау; халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына жалпы бақылау жасау; сайлаушылардың тізімін жасау.
Бөлім басшысы – Салима Есеновна Ақақұлова  телефон 92-25-23, 8- кабинет.
Бөлім мамандарының телефоны:  92-25-23.    9-кабинет.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.
Қала әкімі жұмысының құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қала әкімінің, оның орынбасарларының, әкім  аппараты басшысының азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын, қызметтік құжаттарды, заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін  қабылдау және қарауды, олардың орындалуын бақылауды, құжат айналымын талдауды жүзеге асырады, іс қағаздарының мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуін қамтамасыз етеді: қала әкімдігінің  қабылдаған  қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркейді, есепке алады, таратады және  сақтайды.
Бөлім басшысы – Ирина Анатольевна Иванова, телефон 92-33-03, 33 -кабинет.

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қала әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына жазу, жеке тұлғалардан өтініш қабылдау Теміртау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында, 20 - кабинетте, дүйсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Байланыс телефоны:  92-26-63. (қоғамдық қабылдау бөлмесі менгерушісі Анара Сейдуллақызы Дәріпбаева).
Қызметтік хаттар 40 - кабинетте, күн сайын сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Телефон/факс: 92-22-73 (бөлімнің бас маманы Елена Александровна Таранова).
Заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштері 35  - кабинетте күн сайын сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Телефон:  92-29-53 (бөлімнің бас маманы Фатима Ширинбекқызы Бегайдарова).
Қала әкімдігінің қаулысы қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің көшірмесін (2011-2017 жылдар) беру  мәселелері,әкімдіктің және қала әкімінің құқықтық актілерінің жобасын келісуге қабылдау  36-кабинетте күн сайын сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Телефон:  92-23-21 (бөлімнің бас маманы Назгуль Мақсутовна Тахмульдинова).

 

Персоналды басқару қызметі - бөлімі (Бірыңғай кадр қызметі)
Қала әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда кадр жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару жөніндегі құжаттарды ресімдейді, аттестаттаудан өткізу, есептілікті дайындау, тәртіп комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Аттестаттау, конкурстан өткізу, тәртіп, мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссиялармен жұмыс істеу үшін құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тексеру және қызметтік тексерулер жүргізеді.  Әкім аппараты қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер басшыларының біліктілігін көтеру курстарында оқуын, қайта даярлаудан өтуін ұйымдастырады. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын  қалыптастырады, есепке алады және сақтайды. Азаматтарды заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградаларға ұсыну,облыс және қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттау бойынша құжаттарды дайындайды. Қала әкімі жанындағы марапаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
Бөлім басшысы – Майра Мейрамқұлқызы Түсіпова.
Бөлімнің бас мамандары – Меруерт Мұхамеджанқызы Нұралиева, Индира Максутовна Джумалиева
Телефон: 92-25-24.  45-кабинет.

 

Мемлекеттік-құқықтық бөлім
Қала әкімдігінің, әкімнің, әкім аппаратының жұмысын құқықтық қамтамасыз ету, әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларына заңдық сараптама жүргізу, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; сот органдарында  қала әкімдігінің, әкімнің, әкім аппаратының мүддесін қорғау; құқықтық жалпыға міндетті оқуды жүргізу. Прокурордың актілерімен жұмыс, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қала әкімінің құқық қорғау органдарымен өзара бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы – Гомаров Ерлан Гомарұлы, телефон 44-78-08, 42-кабинет.

 

 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды бақылау бөлімі
Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды; мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын үйлестіреді, кәмелетке толмағандар, оралмандарға қатысты  мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
Телефон:  92-23-98.  4 - кабинет.
Бөлім басшысы – Захида Бамат-Гиреевна Парижева, телефон 92-48-86, 12-кабинет.
Бөлімнің мамандары – телефон 92-23-98, 4-кабинет.
Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы – бейсенбі, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. 4- кабинет. Телефон: 92-23-98 .
Оралмандарды қабылдау –  бейсенбі, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. 4 - кабинет.
Телефон:  92-23-98

 

Тұрғын үй-коммуналдық  бағдарламаларды  бақылау бөлімі
Коммуналдық саладағы мәселелерді реттейді.
Бөлім басшысы –  Д.Т. Султанбекова  телефон 92-32-33, 29-кабинет.
Бөлімнің бас маманы – телефон 92-21-45, 92-34-06. 27-кабинет
Диспетчер қызметі - телефон 92-26-67. 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі

Бөлім басшысы Ерден Амантаевич Сагиндиков

Бөлімнің бас маманы  Шолпан Канатовна Темербекова  телефон 92-21-81  7-кабинет

 

 

Қаржы - шаруашылық бөлімі
Әкімді және қала әкімі аппаратын қаржы-шаруашылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы –Наталья Федоровна Шайтанова, телефон 91-75-44, 3-кабинет.
Бөлім маманадары – телефондар:  92-26-28, 92-33-74, 44-78-01.  2, 34, 39 - кабинет.

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Тәуелсіздік гүлзары, 2

Бөлім басшысы  Д.К.Даиров  телефон 92-22-85

 

 


Жаңартылған: 16.05.2018 11:48
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-10°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 89%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ