ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметі

Теміртау қаласының әкімі

Ғалым Әбиханұлы Әшімов

 

Әкімдіктің қызметіне басшылық етеді. Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді,  қаланың  әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына жауап береді.

         Қазақтан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Үкіметі және Қарағанды облысы әкімдігі, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және азаматтармен қарым-қатынаста қала мүддесін ұстанады.

         Қарағанды облысы әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және қажет деп санаған тұлғаға басқа да атақтар беру туралы ұсыныс береді.

         Қалалық мәслихатқа «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс береді.

         Өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша Ақтау кенті әкімінің жұмысын  үйлестіреді және бақылайды.

         Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.

         Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, үйлесімділігін және өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді,   әкім аппараты, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын   жоспарлайды, ұйымдастырады және өткізеді.

         Қала әкімі мен әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi комиссияға, мемлекеттік рәміздер жөнiндегi комиссияға,

дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың игерілуін бақылау жөнiндегi комиссияға, Мемлекеттік тұрғын үй салу бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi комиссияға, Теміртау қаласының оралмандарға қолдау көрсету жөніндегі кеңесінің жұмысына және қалалық Сәулет-қала құрылысы кеңесіне тікелей басшылық жасайды.

        

      Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

         Экономикалық,  әлеуметтік, ғылыми, мәдени жәнеәріптестіктің басқа да түріндегі екі және көпжақты меморандумдарға, шарттарға, келісімшарттарға  қол қоюға қатысады  және  олардың орындалуын бақылайды.

         Жұмыста  құқық қорғау органдары: прокуртура, әділет басқармасы, қорғаныс істер басқармасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сотпен және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен  өзара әрекеттесе жұмыс істейді.

         Әкімдіктің, қала әкімі аппаратының, қалалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадр мәселелерін шешеді. Келесі лауазымдық тұлғаларды лауазымға тағайындайды және одан босатады:

         қала әкімінің орынбасарларын - уәкілетті жоғары тұрған мемлекеттік органның келісімі бойынша;

         қала әкімі аппаратының басшысын және қызметкерлерін, сонымен қатар қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын.

         Қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.


Жаңартылған: 24.10.2016 10:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ