ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметі

Қала әкімінің  экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

Ғалымжан Оспанұлы Спабеков

 

      

Қала әкіміне тікелей бағынышта болады. Өзіне жүктелген міндеттер шегінде әкім орынбасары жұмысын бақылауға құқы бар,  орындау үшін міндетті жазбаша және ауызша нұсқаулар мен тапсырмалар беретін Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына, әкімдіктің салалық басқарма басшыларына бағынады.

         Теміртау қаласы мен Ақтау кенті экономикалық, кәсіпкерлік және агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеуіне байланысты жүріп жатқан үдерістерді, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін басқаруға қатысады, тұрақты мониторинг, жағдайды талдауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді,  осы салада жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметі өзара іс-қимылын мен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

         Қалада өз қарауындағы мәселелер бойынша мемлекеттік, өңірлік (облыстық) және қалалық бағдарламалар мен жоспарларды, сонымен қатар қала әкімдігінің осы салада рейтенгтік көрсеткішін орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

         Өз қарауындағы мәселелер бойынша Қарағанды облысы әкімдігі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, Ақтау кенті әкімі аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, қала және облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

          Әкімдік функцияларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:

         - Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес қалада бюджеттік процесті жүзеге асыру бойынша;

         - қалалық коммуналдық меншікті мониторинг және басқару бойынша, оны бағалау мен қорғауды ұйымдастыру, басқарудың тиімділігін арттыру шаралары ұсыныстарын әзірлеу мен қабылдау және  мемлекеттік мүлікті басқару;

         - қала аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өндіріс саласында дамудың басым бағыттарды анықтау мәселелері бойынша   ұсыныстар әзірлеу, импорт алмастыру өндірісін дамыту үшін шетелден несиелер мен инвестицияларды тарту, аймақаралық байланысты үйлестіру және қор жүйесін қалыптастыру;

         - қалада жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы үшін         мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тиісті жағдайлар жасау бойынша; тиісті қалалық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастыру; мемлекеттік-жеке кәсіпкерлікті дамыту; инфрақұрылым және ветеринария дамыту негізгі бағыттарын үйлестіру, әзірлеу. малдардың барлық түрлерін паспорттау және бірдейлендіруду қамтамасыз ету және мал басын есепке алуды жүзеге асыру.

         - шағын кәсіпкерлік және инновациялық қызмет қолдау  инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналдар оқыту, дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша;

         - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және  мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу үшін қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметіне жәрдемдесу бойынша;

- қалада мемлекеттік сауда саясатын жүргізу, сауда қызметіне қолайлы жағдай жасау және оны реттеу; қалалық көрмелер мен жәрмеңкелердің және басқаларының ұйымдастырылуына жәрдемдесу;

         - аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

         Жетекшілік ететін салаларда инфляцияға қарсы шараларды қабылдайды.

         Жергілікті атқарушы органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті тұрақтандыру және өсуі бойынша жұмысын үйлестіреді.

         Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын келесі мемлекеттік органдардың қызметіне жетекшілік етеді:

         «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының активтер және мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ,  «Теміртау қаласының ветеринария бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

         Тиісті бөлімдердің даму басымдықтарына сәйкес жұмысын, сонымен қатар жетекшілік ететін салаларда бюджет қаражаттарының нысаналы, тиімді және уақытында игерілуін үйлестіреді.

         Қала әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын қалыптастыруды, бағалау көрсеткіштерін әзірлеу, қала даму бағдарламаларын жүзеге асыру, сонымен қатар экономикалық және бюджеттік жоспарлау стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыруды үйлестіру.

Қала әкімі және әкімдігі жанындағы келесі ведомствоаралық және жұмысшы комиссияларға тікелей жетекшілік етеді:

- бюджеттік комиссия;

- кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес;

- сауда базарларын тексеру бойынша комиссия, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері бойынша комиссия;

- жер телімдерін беру  мүмкіндігін анықтау немесе беруден бас тарту жөніндегі комиссия.

Бағдарламалардың жүзеге асырылуына жауапты болып табылады: экономиканың өнеркәсіптік секторының дамуы.

         Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру бойынша, жергілікті бюджет жобаларын әзірлеуді, бюджеттің орындалуына басшылықты жүзеге асырады.

         Коммуналдық меншікті басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.

         Инфляцияға қарсы шаралар бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

         Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері: салық басқармасымен, статистика органы, әділет басқармасымен өзара әрекеттесіп жұмыс жасайды.

         Қазақстан Республикасы заңнамалары белгіленген тәртіпте коммуналдық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді құру, қайта құру және таратуды, облыстық атқарушы органмен келтірілген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген нормативтері шегінде қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат кестесінің лимитін белгілеуді ұйымдастырады.

          Шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық коммуналдық кәсіпорындар тиімді басқаруды арттыру шараларын әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етеді.

           Жекешелендіру мен жария ету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

 Өз қарауы шегінде:

         - Азаматтық қорғаныс бойынша шаралардың жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етуге қатысады, қала Азаматтық қорғаныс бастығы ретінде қала әкімінің өкілдіктерін іске асыруға ұйымдастырушылық жәрдем көрсетеді:

- қорғаныс және қарулы күштері туралы,  Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы күштер заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарулы күштер қажеттілігін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды олардың тапсырысы бойынша материалдық, энергетикалық және басқа да ресурстар және қызметтермен қамтамасыз ету бөлігінде заңнамалардың орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге қатысады; аумақтық қорғаныс бойынша шаралардың орындалуын жоспарлау мен қамтамасыз ету;

         - қала әкімі және әкімдігінің  табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласында функцияларының орындалуын, сонымен қатар қала аумағында өнеркәсптік қауіпсіздікті ұйымдастырады, оның ішінде:

         - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес қалалық бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда туындаған төтенше жағдайларды жоюға қала әкімдігінің төтенше резервінен ақшаның бөлінуін  ұйымдастырады;

         - қалалық материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларының пайдалануға әзірлігін жасау және ұстауды ұйымдастырады;

         - төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындар мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне  келтірілген зиянды өтеу бойынша шараларды жүргізуді, сонымен қатар  төтенше жағдайлар аймағында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды  ұйымдастырады;

          - төтенше жағдайларды жойғаннан кейін  ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізуді ұйымдастырады;

         Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ қызметіне жетекшілік етеді (жалпы бақылауды және басқаруды жүзеге асырады).

Жетекшілік ететін атқарушы органдардың, сонымен қатар олар басқаратын коммуналдық ұйымдар мен мекемелердің қызметінің барлық  мәселелері бойынша тұрақты бақылау, талдау және практикасын қорытуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;  олардың арасында үйлестіруді және өзара іс қимылды,  әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

          Жетекшілік ететін атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет, соның ішінде бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес электрондық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды бақылайды.

         Өз қарауы шегінде қала әкімі және әкімдігі жанындағы ведомствоаралық кеңесші органдардың (комиссиялар, кеңестер) жұмысын құруға, жәрдем көрсетуге қатысады.

         Қалада тиісті кезеңге арналған тиісті облыстық және республикалық сатыларда қалада жүзеге асыру үшін арналған инвестициялық жобалар, бағдарламалар мен жоспарларды келісуге, сонымен қатар өз қызметі саласында бюджет қаражаттарының нысаналы, тиімді және уақытында игерілуіне жауап береді.

          Өз қарауындағы салаларда баға және тариф саясатын қалыптастыруға, инфляцияға және дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауға қатысады, арам ниетті бәсекелестік фактілерін болдырмау және монополиялық қызметті шектеуді ұйымдастырады.

         Жетекшілік ететін атқарушы органдары, сонымен қатар  коммуналдық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді; сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы қабылданған шаралары туралы осы органдар басшыларының халық алдындағы тұрақты есебін жүргізуді ұйымдастырады.

         Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді, қалада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатты және осы салада қалыптасқан жағдайды түсіндіруді жүзеге асырады, қала дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың, жоспарлардың әзірленуі, қабылдануы және орындалуы,  қала үшін маңызды мәселелерді шешу жолдары мен шаралары туралы ақпараттандыру.

         Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді; өтініштің мәні бойынша уақытылы және заңды шешілу жөнінде шаралар қабылдайды.

         Қала әкімінің жазбаша және ауызша тапсырмалары бойынша өзіне белгіленген міндеттер мен функциялардан туындайтын басқа да шараларды орындауды қамтамасыз етеді.

 

 


Жаңартылған: 23.08.2017 10:52
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 367.06
  • Euro 416.17
  • Рубль 5.56
Теміртау-10°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 723мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 77%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ