ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметі

Қала әкімінің  орынбасары

Владислав Моисеевич Цай

 

Қала әкіміне тікелей бағынышта болады. Өзіне жүктелген міндеттер шегінде әкім орынбасары жұмысын бақылауға құқы бар, оған орындау үшін міндетті жазбаша және ауызша нұсқаулар мен тапсырмалар беретін Қарағанды облысы әкімі орынбасарына, әкімдіктің салалық басқарма басшыларына бағынады.

         Энергетикалық,  тұрғын үй коммуналдық, көлік, шаруашылық, табиғат қорғау және басқа да кешенді жұмыс істеуіне байланысты жүріп жатқан үдерістерді басқаруға қатысады, тұрақты мониторинг, жағдайды талдауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; осы салада жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа барлық меншік нысанындағы ұйымдар қызметінің өзара әрекеттестігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

         Тіршілікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, табиғи монополия салаларында, сонымен қатар энергетика, сумен жабдықтау кәсіпорындары, газбен жабдықтау ұйымдары  жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, қаланы дамыту бойынша және аумақта құрылыс салу, қаланың сәулеттік бейнесін қалыптастыру, тұрғын үй құрылысын дамыту, аумақтық және азаматтық қорғаныс, тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды орындауды қамтамасыз етеді.

         Көлік инфрақұрылымын, құрылыс дамыту бойынша, автомобиль жолдарын қалпына келтіру және жөндеу, жолаушылар тасымалы қызметін ұсыну сапасын арттыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

         Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту, кешенді абаттандыру және көгалдандыру салалық бағдарламаларының жүзеге асырылуын, Теміртау қаласы объектілер мен көше жарықтандыру желілерін дамыту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым объектілерін ұстауды қамтамасыз етеді.

         Қалада өз қарауындағы мәселелер бойынша мемлекеттік, өңірлік (облыстық) және қалалық бағдарламалар мен жоспарларды, сонымен қатар қала әкімдігінің осы салада рейтенгтік көрсеткішін орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

 Кварталішілік және аула аумақтарында санитарлық тазалау және абаттандыру, тұрғын үй шаруашылығы, энергетика, жылумен қамтамасыз ету, су пайдалану және сумен жабдықтау, кәріз және қала тұрғындарын газбен жабдықтау, көлік, байланыс, құрылыс және лифт шаруашылығы салаларында қабылданған қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің  тиісті заңнамаға сәйкестілігіне жеке жауап береді, өз құзыры шегінде жарықтандыру объектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, тұрғын үй қорын жаңғыртуды қамтамасыз ету.

         Өкілетті мемлекеттік органмен бірге тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдарға үйлерді, сонымен қатар үй жанындағы аумақта және аулаларда орналасқан балалар және спорт алаңдарының ұстау мен қызмет көрсетуге көмек көрсетеді, автотұрақ пен паркингтер қызметіне мониторинг жүргізеді.

         Өз қарауындағы салаларда баға және тариф саясатын қалыптастыруға, арам ниетті бәсекелестік фактілерін болдырмау және монополиялық қызметті шектеуге қатысады. Жетекшілік ететін салаларда инфляцияға қарсы шараларды қабылдайды.

Қаланы нормативтерге сәйкес қысқы жағдайға дайындау бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.

         Қажеттілікке  сәйкес, жылу, электроэнергиямен  қамтамасыз  етудің

тепе-теңдігіне жауап береді.

         Әкімдіктің функцияларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:

         - әкімшілік-аумақтық құрылыс заңнамасы саласында       қалалық мәслихат аппаратымен бірге қала шекарасын өзгерту туралы ұсынысты Қарағанды облысы әкімдігі мен мәслихатына әзірлеу мен енгізуді ұйымдастырады және бақылайды;

         - жеке тұрғын үй құрылысын реттеу саласында;

         - қалада су құбырларын салу мен пайдалануды, тазартқыш ғимараттар, жылу және электр желілері, жолдар және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін ұйымдастыру бөлігінде, сонымен қатар белгіленген нормативтерге сәйкес күзгі-қысқы кезеңде қаланың энергетика ұйымдары, мемлекеттік органдар, коммуналдық мекемелер мен ұйымдар, тұрғын үй коммуналдық кешенін жұмысқа дайындауды ұйымдастыру;

         - қала және Ақтау кенті аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;

         - апат және табиғи апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асырады;

         - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында.

- Теміртау қаласы мен Ақтау кентін қажеттілікке сәйкес электр, жылу энергиясы, сумен жабдықтау қызметтері және  су бұру қамтамасыз етудің тепе-теңдігіне жауап береді.

         Қала аумағында ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды:

         - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді және нысаналы шараларды жүргізу;

         - қалаішілік қоғамдық көлік тасымалын жүзеге асыру;

         - қала жолдарын салу, пайдалану және ұстау, жол қызметін басқару, қала автомобиль жолдары өкілетті органының қала автомобиль жолдарында қозғалысты реттеу техникалық құралдарын салу, қайта салу, жөндеу, енгізу және ұстау кезінде барлық жұмыстардың орындалуын және бақылауын қамтамасыз ету; оларды қызмет көрсету объектілерінің ұстауы, күзетуі бойынша жұмыстардың орындалуы;

         - қалада тұрғын үй қатынастарын реттеу;

         - қара металл сынықтары мен қалдықтарының жинау, сақтау, қайта өңдеу және сату бойынша қызметін лицензиялау тәртібін орындау.

Жауапты болып табылады:

         - қоршаған ортаны пайдалану және қорғау, табиғи ресустар және табиғатты пайдалануды реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуы;

         - қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу.

         Өз қарауы шегінде:

         - азаматтық қорғаныс бойынша шаралардың жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етуге қатысады, қала Азаматтық қорғаныс бастығы ретінде қала әкімінің өкілдіктерін жүзеге асыруға ұйымдастырушылық жәрдем көрсетеді.

         - қорғаныс және қарулы күштері туралы, қорғаныс мақсатында көлік және басқа да техникалық құралдардың жұмылдыру дайындығы мен есебін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қорғаныс мақсатында коммуникацияларды дайындауды қамтамасыз ету, қала аумағын жедел жабдықтау шараларын орындау бөлігінде заңнамалардың орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге қатысады; қорғанысқа тұрғындарды және аумақты дайындау, Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы күштер заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарулы күштер қажеттілігін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды олардың тапсырысы бойынша материалдық, энергетикалық және басқа да ресурстар және қызметтермен қамтамасыз ету; терроризмге қарсы бағытта және аумақтық қорғаныс бойынша шаралардың орындалуын  жоспарлау және қамтамасыз ету.Мүдделі органдармен бірге терроризмге және эктремизге қарсы іс қимыл саласында шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

         Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын келесі мемлекеттік органдардың қызметіне жетекшілік етеді (жалпы бақылауды және басшылықты жүзеге асырады): «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

Жетекшілік етеді және үйлестіреді, өзара әрекеттесіп жұмыс жасайды: 

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Қарағанды облысы төтенше жағдайлар Департаменті Жедел-құтқару отряды ММ    

         2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Қарағанды облысы төтенше жағдайлар Департаменті Теміртау қаласының төтенше жағдай  басқармасы РММ

         3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Қарағанды облысы төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 отряды

4) «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық телекоммуникация торабы дирекциясы

5) «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ Қарағанды теміржол бөлімі, 

6) «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалы

7) көлік және байланыс кәсіпорындары:  атқарушы органдар басшылық ететін коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындар.

8) «Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы» ММ.

9) Қарағанды облыстық ішкі істер Департаменті Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы Теміртау қалалық жергілікті полиция қызметі

10) Қарағанды облыстық ішкі істер Департаменті Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы

Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ қызметіне жетекшілік етеді (жалпы бақылауды және басқаруды жүзеге асырады).

         Жетекшілік ететін атқарушы органдардың, сонымен қатар олар басқаратын коммуналдық ұйымдар мен мекемелердің қызметінің барлық  мәселелері бойынша тұрақты бақылау, талдау және практикасын қорытуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;  олардың арасында үйлестіруді және іс қимылды,  әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

         Жетекшілік ететін атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет, соның ішінде бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес электрондық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды          бақылайды.

         Өз қарауы шегінде әкім және қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық кеңесші органдардың (комиссиялар, кеңестер) жұмысын құруға, жәрдем көрсетуге қатысады.

         Қала әкімі және әкімдігі жанындағы келесі ведомствоаралық және жұмысшы комиссияларға тікелей жетекшілік етеді:        

- тұрғын үй комиссиясы;     

         - апаттық үйлерді тексеру және есептен шығару бойынша комиссия;

- Теміртау қаласы бойынша адамдар көп жиналатын нысандарды тексеру бойынша комиссия;

- көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша комиссия;

- терроримзге қарсы комиссия жұмысшы тобының басшысы болып табылады.

Қалада тиісті кезеңге арналған тиісті облыстық және республикалық сатыларда қалада жүзеге асыру үшін арналған инвестициялық жобалар, бағдарламалар мен жоспарларды келісуге, сонымен қатар өз қызметі саласында бюджет қаражаттарының нысаналы, тиімді және уақытында игерілуіне жауап береді.

         Өз қарауындағы салаларда баға және тариф саясатын қалыптастыруға, инфляцияға және дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауға қатысады, арам ниетті бәсекелестік фактілерін болдырмау және монополиялық қызметті шектеуді ұйымдастырады.

         Жетекшілік ететін атқарушы органдары, сонымен қатар  коммуналдық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді; сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы қабылданған шаралары туралы осы органдар басшыларының халық алдындағы тұрақты есебін жүргізуді ұйымдастырады.

         Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді, қалада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатты және осы салада қалыптасқан жағдайды түсіндіруді жүзеге асырады, қала дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың, жоспарлардың әзірленуі, қабылдануы және орындалуы,  қала үшін маңызды мәселелерді шешу жолдары мен шаралары туралы ақпараттандыру.

         Белгіленген тәртіпте әкім, әкімдік және әкім аппаратының басқа да мемлекеттік органдар және ұйымдарда, сот сатыларында мүддесін білдіреді.

Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді; өтініштің мәні бойынша уақытылы және заңды шешілу жөнінде шаралар қабылдайды.

         Қала әкімінің жазбаша және ауызша тапсырмалары бойынша өзіне белгіленген міндеттер мен функциялардан туындайтын басқа да шараларды орындауды қамтамасыз етеді.

 


Жаңартылған: 23.08.2017 10:40
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ