ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметі

Қала әкімі  әлеуметтік және ішкі саясат  мәселелері жөніндегі орынбасары

Дәурен Жағыпарұлы Есімханов

 

 

 

Қала әкіміне тікелей бағынышта болады. Өзіне жүктелген міндеттер шегінде әкім орынбасары жұмысын бақылауға құқы бар оған орындау үшін міндетті жазбаша және ауызша нұсқаулар мен тапсырмалар беретін Қарағанды облысы әкімі орынбасарына, әкімдіктің салалық басқарма басшыларына бағынады.

         Теміртау қаласы мен Ақтау кенті әлеуметтік саланың жұмыс істеуіне байланысты жүріп жатқан үдерістерді,  қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, қоғамдық үдерістерді демократияландыруға және қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыруды басқаруға қатысады, сонымен қатар Теміртау қаласы мен Ақтау кенті дене шынықтыру және спорт саласында тұрақты мониторинг, жағдайды талдауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; осы салада жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа барлық меншік нысанындағы ұйымдар қызметінің өзара іс-қимыл мен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

         Әлеуметтік саяси жағдайды зерделейді және болжайды, әлеуметтік келіспеушіліктердің алдын алу және жою бойынша тетіктерді қалыптастырады.

Қала деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, қалалық бұқаралық ақпараттың мемлекеттік тапсырысты орындауы бойынша қызметін үйлестіреді.

         Қалада мемлекеттік, өңірлік (облыстық) және қалалық бағдарламалар мен жоспарларды, сонымен қатар қала әкімдігінің осы салада рейтенгтік көрсеткішін орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

         Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саланың дамуы, білім беру және бала құқығын қорғау, денсаулық сақтау және демография, мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері, саяси партиялармен, діндермен қарым-қатынас, ішкі саясат және ақпарат, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мүгедектерді оңалту, еңбекті  қорғау, көші-қон (оралмандар), жалпы әскери міндет пен әскери қызмет мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді.

         Әкімдік функцияларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:

         - топонимика және ономастика мәселелерін шешу бойынша, қаланың бейнесін және оны безендіруді (әлеуметтік жарнама бөлігінде)  тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді.

         - қоғамдық-саяси шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі қалалық мекемелердің қызметін үйлестіру бойынша тәжірбиелік жұмысты жүзеге асырады.

         - шығармашылық одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, діни, жастар және ардагерлер ұйымдары, этно-мәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

         - 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын»,  Елбасының  Қазақстан халқына жолдауын  жүзеге асыруды идеологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.  Ақпараттық-түсіндірме топтарының жұмысын ұйымдастырады.

         -уәкілетті органдармен бірге діни экстремизмнің алдын алу бойынша салада шараларды жүзеге асыруды, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды,  медиация, құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етеді, меншік түріне байланыссыз қала мекемелері мен ұйымдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылу мониторингін жүзеге асырады.

         - қорғаныс және қарулы күштер туралы заңнамалардың орындалуы бойынша, қалалық әскери басқарма органы арқылы әскери есеп (тіркеу) ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бөлігінде әскери міндет және әскери қызмет мәселелері бойынша және азаматтарды әскери қызметке дайындау, оларды әскери қызметке шақыру.

         - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында, сонымен қатар қала аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде: 

         төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындар мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне,  қоршаған орта және шаруашылық объектілеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша, сонымен қатар төтенше жағдайлар аумағында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақы мен жеңілдіктерді алу бойынша шараларды жүргізуді ұйымдастырады.

         Қалалық деңгейде кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша, тиісті қалалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жолымен тұрғындарға жұмыспен қамтуға көмек көрсету және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын  қабылдауды ұйымдастырады, сонымен қатар:

         - қала аумағында тұратын жыл сайын мақсатты топтарды анықтау және оларды қорғаудың әлеуметтік шаралары;

         - жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету;

         - қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін басқа да шараларды жүзеге асыру.

         Халықтың көші-қон сұрақтарын жүргізеді, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету.

         Ана мен баланы қорғау бойынша шараларды іске асыруды  ұйымдастырады, сонымен қатар әкімдікпен білім беру, денсаулық сақтау қалалық уәкілетті органдары арқылы кәмелетке толмағандарға қатысты қамқорлық пен қорғаншылық бойынша оның функцияларын жүзеге асырады.

         Өз құзыры шегінде азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру, жәрдемақылардың барлық түрлерінің және басқа да әлеуметтік төлемдердің, сонымен қатар бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының уақытында және толық төленуін қамтамасыз етеді.

         Өз құзыры шегінде азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалардың іске асырылуына ықпал етеді; аурудың алдын алу, сау ұрпақтың өсуі, қалада денсаулықты нығайту үшін қажетті шараларды өткізуге көмектеседі; әкім мен әкімдіктің қала тұрғындарының санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін қарауды ұйымдастырады.

         Қала аумағында орналасқан табиғат, тарих және мәдени және экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми бағалы басқа да объектілердің  Қазақстан Республикасының қорғау және қолдану заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуді және іске асыруды, сонымен қатар осындай объектілердің ұсталуына бақылау шараларын ұйымдастырады.

         Азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарын жүзеге асырылуына көмек көрсетуді ұйымдастырады және бақылайды, соның ішінде:

         - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, кешкі (ауысымды) оқу түрін қамтамасыз ету;

         - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту, олардың міндетті жалпы  білім алуы;

- Қазақстан Республикасы заңнамасы бекітілген тәртіпте  арнайы және мамандандырылған жалпы білім оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда,  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын, мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқу және балалар үшін қосымша білім бағдарламалары (балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда)

- жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру және үймен қамтамасыз ету, тағы басқалары.

          Қала әкімі, оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, олармен өзара іс-қимылды қолдайды, қалада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатты және осы салада қалыптасқан жағдайды түсіндіруді жүзеге асырады, қала дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың, жоспарлардың әзірленуі, қабылдануы және орындалуы,  қала үшін маңызды мәселелерді шешу жолдары мен шаралары туралы ақпараттандыруды ұйымдастырады.

         Ұйымдастырады және бақылайды:

- қалада театр, музыка және киноөнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-бос жұмыстар саласында мемлекеттік мәдени ұйымдарын құру, олардың қызметін қолдау және үйлестіру;

         - жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани ескерткіштерді есепке алу, қорғау және қолдану бойынша жұмыс;

         - қалада мәдени-бұқаралық, спорттық  шараларды, сонымен қатар қала әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивалдар мен конкурстар жүргізу.

          Ұйымдастырады және бақылайды:

         - дене шынықтыру және спортты дамыту қалалық бағдарламаларын  әзірлеу мен жүзеге асыру, бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамыту; қалалық мамандандырылған оқу-спорттық мекемелері және қала аумағындағы спорттық ұйымдар қызметін үйлестіру;

         - балалар мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары мен қала оқу орындарында дене тәрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау;

         - мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық ғимараттар, сонымен қатар  ортақ пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасау.

         Қалада тілдерді қолдану мен дамыту өңірлік бағдарламалары жүзеге асыру бойынша шараларды әзірлеу мен орындауды; мемлекеттік, басқа да тілдерді дамытуға бағытталған тиісті қалалық шараларды жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді.

         Қылмыспен күрес және құқық бұзушылық саласында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуына ықпал етеді, ол үшін:

         - қалада құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға қатысады; қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; осы салада қала аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық құрылымдарының бірлескен қызметін ұйымдастырады; қала әкім жанындағы отырыстарда және әкімдік жиналыстарында қалада қылмыс және құқық бұзушылықпен күрес мәселелерін дайындау және қарауды ұйымдастырады;

         - есіркі және есірткі бизнесімен күрес қалалық бағдарламаларының әзірлеу және іске асыруға қатысады;

         - кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы саласында жұмысты ұйымдастырады;

         - маскүнемдік, нашақорлықты ескерту бойынша ұйымдастырушылық-тәжірбиелік шараларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

         - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру және оңалту, тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік байланыстан айырылған азаматтарды тұрмыстық жағдайына және еңбекке орналастыру,  тәрбиелеу колонияларынан оралған және (немесе) ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар бойынша ұйымдастырушылық-тәжірбиелік шараларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

         - қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бас бостандығынан шектеуге сотталған,  тұлғаларды тұрмыстық жағдайына және еңбекке  орналастыруға  инспекцияға   көмек көрсету, сотталған  тұлғаны қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындау бойынша қалалық қылмыстық-атқару инспекциясымен өзара іс қимылын ұйымдастырады.

         Қоғамды-саяси және діни бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар қызметін үйлестіреді, әкімдіктің діни бірлестіктермен қатынастарын реттеу саласында  функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

         Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тұрғындардың көші-қон саласында  қоғамдық қатынастарын реттеу бойынша әкімдік функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

         Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын келесі атқарушы органдардың қызметіне жетекшілік етеді (жалпы бақылауды және басқаруды жүзеге асырады):

         «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ;«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ; «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ; «Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ; «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Жастармен жұмыс жөніндегі орталық» КММ,          «Конфессияаралық діни қатынастар орталығы» КММ, Теміртау қаласы бойынша денсаулық сақтау ұйымдары.

         Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ қызметіне жетекшілік етеді (жалпы бақылауды және басқаруды жүзеге асырады).

         Жетекшілік ететін атқарушы органдардың, сонымен қатар олар басқаратын коммуналдық ұйымдар мен мекемелердің қызметінің барлық  мәселелері бойынша тұрақты бақылау, талдау және практикасын қорытуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;  олардың арасында үйлестіруді және өзара іс қимылды,  әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

         Өз қарауы шегінде әкім және қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық кеңесші органдардың (комиссиялар, кеңестер) жұмысын құруға, жәрдем көрсетуге қатысады.

        Қала әкімі және әкімдігі жанындағы келесі ведомствоаралық және жұмысшы комиссияларға тікелей жетекшілік етеді:

         - әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат,

- кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау,

- ономастика,

         - мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру,

         - ҰБТ жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша

         - мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу,

- ҮЕБ ынтымақтастық және өзара іс қимыл бойынша кеңес,

         - бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша кеңес,

         - қылмыстық жазасын және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша кеңес,

         - жетекшілік ететін салаларда инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмысшы топтары,

         - Эвакуациялық комиссияға басшылықты жүзеге асырады,

         - әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссия,

         - Жұмыспен қамту-2020 жол картасын іске асыру бойынша

         - оралмандар мәселелері бойынша

         - мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі

         - тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша үйлестіру кеңес,

         - ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша штаб,

         - нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссия, 

         - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды марапаттау бойынша комиссия,

         - жұмыссыз азаматтарға өз ісін  ашуға материалдық көмек тағайындау бойынша комиссия,

         - 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың  9 мамырына дейінгі аралықта 6 айдан кем емес  жұмыс істеген тұлғалардың өтілін  анықтау жөніндегі комиссия,

         - жастар ісі жөніндегі кеңес,

         - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі комиссия,

         - Теміртау қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес,

         - эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережесін сақтау бойынша комиссия,

         - «Қаланың құрметті азаматы» атағын беру бойынша комиссия,

         - жетекшілік ететін салаларда басқа да кеңесші органдар

Өзінің қарауындағы мәселелер бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді; өтініштің мәні бойынша уақытылы және заңды шешілу жөнінде шаралар қабылдайды.

         Қала әкімінің жазбаша және ауызша тапсырмалары бойынша өзіне белгіленген міндеттер мен функциялардан туындайтын басқа да шараларды орындауды қамтамасыз етеді.


 


Жаңартылған: 23.11.2017 14:36
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 338.78
  • Euro 392.82
  • Рубль 5.35
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ