ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметі

Қала әкімі аппаратының басшысы
Татьяна Михайловна Куринная

 

Қала әкімінің жұмысы  мен әкімдігінің қызметін үйлестіру және қамтамасыз ету  бойынша  аппараттың   жұмысына   жетекшілік  етеді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық жоспарлары мен бағдарламаларын дайындауға қатысады.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, облыс және қала әкімі мен әкімдігінің қаулыларының, шешімдерінің және тапсырмаларының уақытылы орындалуы бойынша жұмыс істеуді және бақылауды қамтамасыз етеді.

Қаланы басқару сұлбасын, әкім аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, Ақтау кенті әкімі аппаратының штаттық құрылымының жобасын  дайындайды. Белгіленген  штат санының лимиттерінің сақталуын бақылайды.

Бекітілген біліктілік талаптарға сай мемлекеттік қызметшілерді іріктеу конкурсын өткізуді ұйымдастырады және өткізеді.

Әкім аппаратын штат кестесіне сай кәсібі, біліктілігі және мамандығы бойынша талап етілетін көлемде мемлекеттік қызметшілермен  уақытында жинақтауды қамтамасыз етеді.

Жұмысшыларды пайдалану процессіне талдау жасайды, кадрларды пайдалану тиімділігін және кәсіби біліктілігін көтеру, оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру және оларды қайта дайындау  бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Кадрлар дайындау жүйесін жүзеге асырады және кент  әкімін,  қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының бірінші басшыларын  алмастыру туралы ұсыныс дайындайды.

Мемлекеттік құпияны қорғау  жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне байланысты шектеулерді сақтауын бақылайды.

Бөлімдердің іс қағаздарын жедел және  дұрыс жүргізуін қамтамасыз етеді, олардың жұмысымен байланысты құжаттарды дайындайды. «Электрондық әкімдік» бағдарламасының жұмыс істеуін  ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Қалалық мұрағат және қалалың мемлекеттік органдарының кадрлар саясатын іске асыру және  мемлекеттік қызметшілердің кадр  қорын дайындау жөніндегі жұмысын үйлестіреді.

Жергілікті атқару  органдары мен мемлекеттік басқарудың орталық органдары аумақтық өкілдіктерінің  қала әкімі мен әкімдігінің  актілерін дайындау  және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және  орындаушылық тәртібін сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Қала әкімдігінің Ақтау кенті әкімімен, қала әкімі мен әкімдігінің Қарағанды облысы  әкімдігімен, қалалық мәслихатпен өзара әрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жылу-су-жарық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін, өрт қауіпсіздігі және ғимарат күзеті, қысқы жылыту маусымына дайындық, жайдың санитарлық нормаларға сәйкестігін  қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.


 


Жаңартылған: 24.10.2016 10:16
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.11
  • Euro 419.37
  • Рубль 5.58
Теміртау-13°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 88%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ