ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Әкімдік регламенті

Теміртау қаласы әкімдігінің
РЕГЛАМЕНТІ

Теміртау қаласы әкімдігінің  2010 жылғы 24 маусымдағы
№ 24/4 қаулысымен бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. Теміртау қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне енеді, Теміртау қаласы мен Ақтау кентін  дамыту мүддесімен және қажеттілігін үйлестіре отырып атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Әкімдік құрамын қала әкімі құрайды және ол әкім орынбасарларынан, әкім аппараты жетекшісінен, Ақтау кентінің әкімінен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тұрады (бұдан әрі – атқарушы орган).
Әкімдік мүшелерінің санын әкім анықтайды. Әкімдіктің дербес құрамын әкім белгілейді және қалалық маслихаттың шешімімен келісіледі.
3. Әкімдік қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттелінеді.
4. Әкімдіктің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қызметін және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді қала әкімінің аппараты (бұдан әрі-аппарат) жүзеге асырады.
5. Әкімдік ісін жүргізу және әкімдікке келіп түскен хаттарды өңдеу құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне және аппараттың бөлімдеріне жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, қала әкімі  бекіткен басқа да нормативтік құқықтық  актілерінің талаптарына сәйкес тәртіпте жүзеге асырылады.
6. Қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат жетекшісі әкімдіктің және әкімнің қарауына ұсынылған актілер мен құқықтық актілер жобаларын осы Регламентте  белгілеген  келісу тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
7. Қала әкімі аппаратының басқа мемлекеттік органдармен арадағы құжат айналымы (нормативтік актілерден басқа) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

2. Жұмысты жоспарлау

8. Әкімдіктің және қала әкімі аппаратының келешектегі жұмыс жоспары қаланың даму стратегиясының негізінде, басым бағыттарды басшылыққа ала отырып дайындалынады. Олар нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауды, ұйымдастыру және идеологиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді қарастырады. Әкімдіктің және аппараттың жұмыс жоспарының жобасын аппарат жетекшісі қала әкіміне ұсынады және бекітілгеннен кейін орындаушыларға жеткізіледі.
9. Ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарының негізінде  әкімдіктің және әкім аппаратының жұмыс жоспарын, негізгі өткізілетін шаралар тізбесін келесі айға (тоқсанға, жылға)  бес күн қалғанда бір айға дайындап қала әкімі бекіту үшін аппарат жетекшісіне ұсынады. Сонымен қатар ай сайын (тоқсан сайын) келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарының жүзеге асырылу барысын қорытындылау, тоқсан сайын аппарат жетекшісіне әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің  және әкім аппаратының жұмысы туралы ақпаратты аппарат жетекшісіне ұсыну қарастырылған.
10. Әкімдік отырыстарында қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы (жылдық) тізбесін әкімдік мүшелерінің, бөлімдер бастықтарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар  басшыларының ұсынысы бойынша аппараттың ұйымдастыруды қамтамасыз ету  бөлімі соңғы айдың 25-не дейін  жасайды.
Әкімдік отырысында, аппарат жиналысында қарауға жоспарланған мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбені аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі әкімдік мүшелеріне, атқарушы  органдардың басшыларына, аппарат бөлімінің бастықтарына  және басқа лауазымды тұлғаларға таратады.
Аппараттың әкімдік отырысына дайындықты қамтамасыз ететін бөлімі қала әкіміне (қала әкімінің орынбасарына) әкімдік отырысында қаралатын мәселені әзірлеу жоспарының жобасын бекітуге ұсынады.
Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді тиісті атқарушы органның бірінші басшысы мен жетекшілік ететін әкім орынбасары  ұсынған анықтама (қызметтік жазба) негізінде әкім қабылдайды.

3. Әкімдік отырыстарына дайындалу және өткізу тәртібі

11. Әкімдік отырыстары әр айда бір рет, көбінде әр айдың үшінші бейсенбісінде өткізіледі және оларды әкім өткізеді.
12. Әкімдік  отырыстарында  әкім, ал ол болмаға кезде – әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
13. Әкімдік отырыстары ашық, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажет болған кезде жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкін.
14. Әкімдік отырысы, егер оған әкімдік мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысса  құқылы деп есептеледі.
Мәселені қарау нәтижесі бойынша әкімдік отырысында қаулы қабылданады.
Қаулылар қатысып отырған әкімдік мүшелерінің  басым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады.
15. Әкімдік отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, Ақтау кентінің әкімі, сондай-ақ кеңес беру дауысы құқығымен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды тұлғалар қатыса алады.
16. Аппарат пен атқарушы органдардың әкімдік отрыстарында қаралатын мәселелерді дайындау келесі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
әкімдік отырысында қарауға ұсынылған анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты ұсынушы органның бірінші басшысының, не оның қолы аталмыш органның ресми ұсынымын растаушы болып табылатын, оны алмастырушы тұлғаның (бұдан әрі – бірінші басшы) және жетекшілік ететін әкім орынбасарының, мемлекеттік – құқықтық бөлім бастығының қолы  қойылады;
дайындаушы  әкімдік отырысына материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынуы керек;
жоба мен анықтама, әдетте екі интервал арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
әр  мәселе бойынша жоба мен анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс;
әкімдік отырысына енгізілетін материалдарға қажет болған жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер, слайдтар, кестелер, басқа да көрнекі материалдар  қоса беріледі;
талқыланатын мәселелер бойынша мәжілістерге шақырылатындардың тізімін белгілеу мен анықтау атқарушы орган немесе аппараттың мәселені ұсынған құрылымдық бөлімшесі осы мәселеге жетекшілік ететін әкім орынбасарының және аппарат жетекшісінің келісімі бойынша  жүзеге асырылады. Шақырылғандардың келуін мәселені қарауға ұсынып отырған құрылымдық бөлім қамтамасыз етеді, аппарат жетекшісі  және  ұйымдастаруды қамтамасыз ету  бөлімі жалпы бақылау жасайды.
17.Аппараттың ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі отырыстың күн тәртібі жобасын жасайды және аппарат жетекшісі арқылы әкімнің не оны алмастыратын тұлғамен келіскеннен кейін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі аппарат жетекшісі бекіткен жіберілім парағына сәйкес жоба мен тиісті материалдарды әкімдік мүшелері мен шақырылғандарға, қажет болған жағдайда басқа да лауазымды тұлғаларға отырысқа дейін үш күн ішінде жібереді.
Тиісті органдар материалдарды мезгілінде ұсынбаған жағдайда  аппарат жетекшісі бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдарды мезгілінде ұсынбағандық үшін жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына, аппарат бөлімдеріне және жетекшілік ететін әкім орынбасарларына жүктеледі.
Әкімдік отырысын әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізген кезде, қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа өткізілетін күні ұсынылады.
18. Әкімдік отырысында хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды тұлғалар, талқылынатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылыу кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулылар көрсетіледі.
Хаттаманы әкімдік отырысы аяқталған күннен бастап үш күн ішінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі ресімдейді, аппарат басшысы бұрыштама соғады және төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік отырыстарының хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі.  Хаттамалар немесе олардың үзінділері оған қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, қажет болған жағдайда отырыстарда тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды тұлғаларға таратылады.Тарату парағын аппарат жетекшісі  бекітеді.
Құжаттамалық қамтамсыз ету хаттаманы тіркеуді, таратуды қамтамасыз етеді.
Әкімдік отырыстарының хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ оларға қатысты құжаттар аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.
Әкімдік отырыстарының хаттамалары және оларға қатысты құжаттар сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа тапсырылады.

4. Әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі

19. Атқарушы органдар келесі жағдайларда әкімдік атына тиісті шешімдер қабылдауы үшін ұсыныстар енгізеді:
1) мәселені шешу әкімдіктің құзырына жататын жағдайда (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес);
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда;
3) мәселені шешу жергілікті атқарушы органдар  мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап ететін кезде.
20. Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) Қазақстан Республикасының заңнамаларына  және осы Регламентке сай атқарушы органдар  мен аппараттың тиісті бөлімдері дайындайды.  
Мүдделі органдармен келісілеген, атқарушы органдардың бірінші басшыларының немесе оларды алмастырушылардың, жетекшілік ететін әкім орынбасарларының қолы қойылған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаны келісу  кезде келіспеушіліктер туралы «ескертулер» болған жағдайда оған бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қойған  қажетті түсіндірмелер қоса берілуі керек.
Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелерді қарау құзырына жататын әкімнің орынбасары, аппарат жетекшісі не оның орынбасары кеңес шақырады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Келіспеушіліктер жойылған кейін тиісті бөлім, атқарушы орган үш күн ішінде жобаны толықтырады және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге қол қойылмаған жағдайда әкім орынбасары, аппарат жетекшісі бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімді не оны алмастыратын тұлғаны  хабардар  етеді.
21. Жобаларды уақытысында, сапалы әзірленуге және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі мәтінінің  орыс тілдегі мәтініне сай келуіне оны дайындаған органның бірінші басшысы және аппараттың бөлімі  дербес жауап береді.
22.Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
1) құзіретіне қарай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келістірудегі мұндай мүдделілікті қаралатын мәселелердің мән – жайы ескеріле отырып салалы бөлім белгілейді;
2) жобаның қаржылық орындылығы  және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша қаржы саласындағы тиісті атқарушы орган – жергілікті қаржы басқармасымен;
3) жобаның экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісіледі.
23.Жобаны әзірлеуші бір мезгілде жобаның көшірмелерін барлық мүдделі атқарушы органдарға келісуге жолдайды.
Атқарушы органдарда келісу мерзімі жобалардың түскен, әрі тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкімнің, әкім орынбасарының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды тұлғалар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) кеңесте (отырыста) жобаға бұрыштаманы қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетелген лауазымды тұлғалар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Атқарушы органдар жобаның көшірмесін келісуге алған кезде жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
24.Жобаны қарау нәтижелері бойынша келісуші атқарушы орган әзірлеушіге бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен жауаптың келесі нұсқаларының бірін ұсыну тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобаға бұрыштама соғылады);
2) жоба ескертулермен келісілді (жобаға бұрыштама соғылады, ескертулері қоса тіркеледі);
3) жобамен келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
25.Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, әзірлеуші түпкілікті нұсқаны әзірлеу үрдісіне атқарушы органдардың өзі келіскен ескертулерін міндетті түрде жояды.
Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде түсіндірме жазбада аталмыш жобада мүдделері қаралған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) міндетті түрде көрсетелі, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Қажет болған жағдайда әкімнің, әкім орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
26.Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ал оны қабылдаған жағдайда әлеуметтік – экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Егер актілер жобаларының нормативтік сипаты болса және/немесе әлеуметтік – экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтілетін нәтижелердің мерзімдерін және енгізілетін ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімдік немесе әкім қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша әзірлеуші актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес аппараттың салалық бөліміне қысқаша есеп тапсыруы тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан артық көлемдегі жобалардың және жобалар қосымшаларының әр парағына қол қоюы тиіс.
27.Жобаны әзірлеуші жобада әкімдік қаулыларын және/немесе әкім шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде нормаларды ескереді және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келіру туралы тапсырманы көздейді.
28.Әзірленген (жетілдірілген) жоба (оған тіркелген материалдармен бірге) заңгерлік сараптама жүргізу үшін аппаратқа ұсынылады.
Жоба аппаратта тіркелер алдында құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі оның Іс жүргізу нұсқаулығының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына және Іс жүргізу нұсқаулығының талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған кезде жоба әзірлеушіге қайтарылып беріледі.
29.Жобаларды әкімнің орынбасарларымен  келісу әкім және оның орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларына мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.
Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын тұлғаға баяндайды.
30.Әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді.
31.Әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің мөр басылған көшірмелерін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі әзірлеуші орган бекіткен тарату мезгіліне сәйкес таратады.
Әділет органдарына тіркеуге жататын әкімдіктің және әкімнің актілері алушыларға тіркелгеннен кейін таратылады.
Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппаратта сақталады.
Құжаттардың мезгілінде дайындалуы мен таратылуына құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты.
32.Техникалық қателері болған ретте әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат бпсшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
33.Әкімдік және әкім қабылдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
34.Әкімдіктің жалпы міндетті маңызы  бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және міндетті түрде ресми жариялауға жатады.
35.Актілерді жариялауға  жолдауды белгіленген тәртіпке сейкес құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
36.Әкімдік пен әкім қабылдаған нормативтік құықтық актілермен, мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы бар актілерден басқасымен танысу үшін мүдделі тұлғаларға мүмкіндік беру міндетті болып табылады және аппарат басшысмен келісім бойынша құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

5.Әкімдік қаулыларын орындауды ұйымдастыру тәртібі

37.Әкімдік қаулыларын орындауды ұйымдастыру қала әкімі аппаратында осы Реглементке және Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығына сейкес жүзеге асырылады.
38.Әкімдіктің қаулыларын уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік қала әкімінің орынбасарларына, аппараттың бөлімдеріне және орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
39.Әкімдіктің қаулыларының орындалу мерзімдеріне бақылау жасау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ