ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Ақтау кенті әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.«Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан кейін – «Мекеме») Ақтау кенті әкімінің қызметін ақпарат-сараптамалық, атқару-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз етуін жүргізетін, жергілікті мемлекеттік басқару мен бақылаудың атқарушы органы болып табылады.
2.Мекеме өзінің қызмет етуі барысында Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенттің және Үкіметтің, әкімдіктің, Теміртау қаласы және Қарағанды облысы әкімінің актілерін, басқа нормативті құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
3.Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзіңдік атауы бар мөрі мен штампы, бекітілген түрдегі бланкілері бар, сонымен қатар заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қазына Комитетінде шоты болады.
4.«Ақтау кенті әкімінің аппараты»азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапты болуға құқығы бар.
6.«Ақтау кенті әкімінің аппараты» өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау кенті әкімінің аппараты» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» құрылы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.Мекеменің заңды мекенжайы: «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ, Қарағанды облысы, Ақтау кенті, 5 квартал.
9. Мемлекеттік органның толық атауы
қазақ тілінде: «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима поселка Актау».
10. Осы ЕрежеМекеменің заңды мекенжайы: «Ақтау кенті әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12.Мекемеге Мекеменің міндеті болып табылатын міндеттерді және оларды орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға отыруға рұқсат етілмейді.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызмет жасау құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен табыстар, мемлекеттік бюджет кірісіне тапсырылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары  құқықтары мен міндеттері
13.«Ақтау кенті әкімінің аппараты» миссиясы:
кент әкімі тарапынан қаланың атқарушы органдарының (әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері) қызметіндегі жалпы координацияны ұйымдастыру мен қарым-қатынас жөніндегі және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
кент әкіміне қарасты жиналысты, кеңестік-мәслихат органдарының, жалпы кенттік қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;
14. «Ақтау кенті әкімінің аппараты»  ММ негізгі міндеттері:
1) кент әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз ету;
2)кент аумағында мемлекеттік саясаттың қамтамасыз етілу жағдайы туралы, оның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық және мәдени-гуманитарлық дамуы туралы әкімді уақтылы, толығымен және объективті ақпараттандыру;
3)әкімнің және қала әкімдігінің, кент әкімінің актілерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу, орындалуын ұйымдастыру, қабылдануын қамтамасыз ету, дайындау;
4)кент аумағындақызметін жүргізетін, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі кент әкімінің жұмысына қажетті ұйымдастыру жағдайын жасау.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Перзидентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясаттың мемлекеттік негізгі бағыттары бойынша, аймақтық және қалалық бағдарламаларынасәйкес құзыреті шегінде кент аумағында жүзеге асырылуына қатысады.
2) Қарағанды облысының және оның жүзеге асырылуы жөніндегі шаралар кешенінің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, жобалардың дайындалуы мен орындалуына, кент дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына қатысады және оларды қолдайды.
3) Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінреттеу кезінде қатысады, сонымен қатар сараптама жасау, әкімнің, қала әкімінің және кент әкімінің актілерін дайындау, олардың орындалуының мониторингін жүргізу, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі ұсыныстар мен келешекті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерінен сұрау салу арқылы уақтылы ақпарат алу үшін қатысадыМекеме өз құзыреті шегінде, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының арасында өзара қарым-қатынас арқылытүзету тәсілімен оларға септігін тигізеді, сонымен қатар әкім және қала әкімдігінің заңмен бекітілген құзыреті шегінде, кент әкімінің қызметін Ақтау кентінде жүзеге асырылуын  қамтамасыз етеді.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) кент әкімінің атынан қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды, әкім мен мекеменің құзыретіне тиісті  сұрақтар бойынша қызметтік тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан алуға және сұрау салуға;
2) заңдармен және басқа да нормативті актілермен бекітілген тәртіпте, облыстық басқармалардан, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан қажетті ақпаратты, бақылау функцияларынсыз, әкім мен мекемені жүргізу сұрақтары бойынша құжаттар мен материалдарды сұрау салуға және алуға;
3) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдарының басқаруындағы ақпараттық мәліметтерін, сондай ақ құпия мәліметтерін қолдануға;
4) қала әкімімен және оның орынбасарымен, қала әкімі аппаратының жетекшісімен келісе отырып мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан коммуналды кәсіпорындарының кентке қатысты сұрақтарын қала әкімі мен оның орынбасарына қарасты аппарат жиналыстарында, сондай ақ кент әкімінің құзыретіне тиісті проблемалық сұрақтарды зерттеу мен дайындау үшін қарастыру.
17. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ міндетті:
1)Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің талаптарына сәйкес қалада бюджеттік үрдістің ұйымдастырылуы мен орындалуына қатысады.
2)Кентте орналасқан қаланың коммуналды меншігінің мониторингі мен басқаруына, оның қорғалуына, мемлекеттік мүліктің тиімді басқарылуы мен өкілеттілігін жоғарылату шараларын ұсыну мен қабылдауды дайындауда қатысады.
3)Кентте Конституцияның және заңдардың нормаларын, Қазақстан Республикасы Перзидентінің және Үкімет актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, осы салада азаматтар мен ұйымдарға қолдау көрсетеді, орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің, әкімнің және қала әкімдігінің, облыс актілерінің жүзеге асырылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
4)Заңдарды басшылыққа ала отырып, қаланы әкімшілік-аумақтық орналастырылу сұрақтарының шешіміне, сондай-ақ кентәкімінің осы саладағықызметіне қатысады;
5) Кент шекарасында сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметінде қала әкімдігініңқызметін жүзеге асыруда әрекет етеді; соның ішінде:
6) Кентте қала әкімдігінің және кент әкімінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарын орындауды ұйымдастырады, соның ішінде:
7) Азаматтардың арыздарын, өтініштерін қарастыру бойынша, азаматтардың құқықтары мен бостаңдығын қорғау бойынша шараларды қабылдауда кент әкімінің қызметін жүзеге асыруды ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу мен олардың нәтижелерін қарастыруды қамтамасыз ету; жартыжылдық пен жыл қорытындысы бойынша,  есептік мезгілден келесі айдың 8 күніне қарсы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы бекітілген формада статистикалық есепті қала әкімдігіне тапсырады.
8) Бюджетке тиісті міндетті төлемдер мен салықтарды жинауға септігін тигізу бойынша кент әкімінің қызметін жүзеге асыруды ұйымдастырады, салық төлеуші – жеке тұлғалармен төленетін мүлік салығын, көлік құралдарына төленетін салықты, жер салығын  жинауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Өз құзыреті шегінде кент әкімінің қызметін орындаудақала бюджетінің құрамымен қарастырылған, Мекеме шығындары есебінен кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар кентте автомобиль жолдарының құрылысы, қайтақұру, жөндеуді қамтамасыз етеді.
9) Өз құзыреті шегінде кент әкімінің қызметін орындауда қала бюджетінің құрамымен қарастырылған, Мекеме шығындары есебінен кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар кентте автомобиль жолдарының құрылысы, қайтақұру, жөндеуді қамтамасыз етеді.
10) Тұрғын-коммуналды қатынастарда әкімнің және қала әкімінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласында қалалық уәкілетті органмен бірлесе отырып, келесі қызметтердің жүзеге асырылуына қолдау жасайды:
- кентте коммуналды тұрғын үй қорының тексерілуі мен түгенделуі бойынша шараларды ұйымдастыру; иесіз және өз еркімен қоныстанған пәтерлерді анықтау, әділет органдарында олармен мүліктік мәміле жасауға шектеу қою; осы пәтерлерді коммуналды меншік нысаны ретінде тану туралы арыз өтініштерді сотқа тапсыру жәнесоттың шешімдері негізінде коммуналды меншік құқығын тіркеу; аппатағы және ескі тұрғын үйлерді бұзуды қамтамасыз ету;
- көппәтерлі тұрғын үйлердің нормативті мазмұнына бақылау жасау; кондоминиум нысандарыменбасқару органдарын құруда көмек көрсету; қалалық бюджет қаражаты есебінен кондоминиум нысандарына техникалық паспорт дайындау бойынша шығындарды өтеу;
- есепке алу мен сақтау, нормативті мазмұнына бақылау жүргізу, сонымен қатар мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қорына тұрғын үйдің құрылысы, іргелі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, оның бекітілген заң тәртібінде таратылуы;
11)Қала бюджетінің құрамымен қарастырылған, мекеменің шығындары есебінен, жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар, кентте тұратын жеке тұлғаларға статистикалық шаруашылықаралық есеп – статистикалық бақылау жүргізу;
12) Өз құзыреті шегінде кент аумағында ветеринария сферасында әрекет жасау бойынша кент әкімінің қызметін қамтамасыз етеді;
13) Кентте кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді;
14) Өз құзыреті шегінде, кентте әскери басқарма органының жоқтығын ескере отырып, әскери міндет пен әскери қызмет туралы сұрақтар бойынша Қазақстан Ресупбликасының заңдарынжүзеге асыру бойынша әкімнің функцияларын жүзеге асыруды ұйымдастырады  және қаматамасыз етеді;
15) Өз құзыреті шегінде мобильді дайындық мен мобилизация сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; кентте тұратын азаматтарды мобилизация бойынша және  соғыс кезінде әскери қызметке шақырылатындардың жиынын өткізеді және бекітілген атаулық тізімдері бойынша алдын ала жиын пункттерінде аталған азаматтарды тапсыру. Бір уақытта атаулық тізімдермен қоса хабарланбаған азаматтардыңкелмеу себебі көрсетілген жекелеген шақыртуларын тапсырады.
16) Өз құзыреті шегінде Азаматтық қорғаныс пен әкім қызметі сұрақтары бойынша Қазақстан Ресупбликасы заңнамасының жүзеге асырылуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ол кенттің Азаматтық қорғаныс жетекшісі ретінде;
17)Кент аумағында табиғи және техногенді, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік төтенше жағдайлар саласында әкім және қала әкімдігі тарапынан олардың қызметтерінің орындалуын жүзеге асыруда қатысады;
18) Кентте тарихи және мәдени мұра нысандарының сақталуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
19)Кентте  халықты әлеуметтік қорғау сұрақтарын, мүгедектерді қоса, халықтың әлеуметтік мүдделі тобына адрестік көмек көрсету, сонымен қатар оларға қолдау көрсету сұрақтарын шешу; осы салада заңға сәйкес кентте тұратын, ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды анықтауда әкімнің қызметін жузеге асырады және өз еркімен жүгінбеген тұлғаның (отбасының) себебі көрсетілген арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық уәкілетті органға олардың мүддесін қорғау мақсатында жазбаша өтінішін тапсырады;
20) Кедейлікпен күрес және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау қалалық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу, кент тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз ету бойынша жоғарғы органдарға ұсыныстар енгізу мақсаты;
21) Заңға сәйкес, қалалық бюджет есебінен отбасыларға көмек көрсету бойынша іс-шаралар қабылдайды;
22) Кент әкімінің қызметін жүзеге асыруда балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
23) Заңға сәйкес, қалалық бюджет құрамымен қарастырылған Мекеменің шығындары есебінен, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
24) Өз құзыреті шегінде кентте мүгедектерді реабилитациялау аймақтық және қалалық бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; оларға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру, мемлекеттік стандарттар мен нормаларға сәйкес қамтамасыз ету үшін шараларды қабылдайды:
25) Өз құзыреті шегінде, қалалық бюджет құрамымен қарастырылған мекеме шығындары есебінен, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді, соның ішінде кенттегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
26) Өз құзыреті шегінде кент аумағында бала құқығын қорғау мен сақтау бойынша, құқықбұзушылықты болдырмау, кәмелетке толмағандар арасында қамқорсыз қалуды болдырмау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
27)Бекітілген құзыреті шегінде азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді; кентте денсаулықты нығайту үшін қажетті, дені сау келешек қалыптастыру, аурудың алдын алу шараларын өткізуге көмектеседі;
28)Қылмыскерлікпен және құқықбұзушылықпен күресу саласында мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетеді;
29) Өз құзыреті шегінде кентте театр, музыка және киношығармашылық, кітапхана ісі саласында әрекет ететін мәдени мекеменің жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды қолдау бойынша кент әкімінің қызметін жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; қалалық бюджет құрамымен қарастырылған мекеменің шығындары есебінен, мәдени – бос уақыт жұмысын қолдайды; кентте мәдени-бұқаралық шаралардың, сонымен қатар шығармашылық ұйымдардың арасында фестивальдар мен конкурстардың, қараулардың өтуіне қолдау жасайды.
30) Кентте қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады;
31) Өз құзыреті шегінде кенттің сумен қамтылуын және суды пайдалану сұрақтарын реттеуді ұйымдастырады;
32) Қалалық бюджет құрамымен қарастырылған мекеме шығындары есебінен, кенттегі көшелерді жарықтандыру ,қоғамдық орындарды аббаттандыру, көгалдандыру мен сыртқы әрлеу,кентті санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
33) Қалалық бюджет құрамымен қарастырылған, мекеменің шығындары есебінен:
- жедел медициналық көмек көрсету, қажет болғанда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
- туыстары жоқтарды жерлеуді және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын қалыпта ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
34) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін басшылыққа ала отырып иесіз жылжымайтын мүлік анықталған кезде, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға иесіз ретінде тіркеуге алу туралы өтініш білдіреді; сонымен қатар коммуналды меншікті басқаруға уәкілетті атқарушы органды хабардар етеді;
35) Мекемемен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін бекітілген стандарттары мен регламенттерінің талаптарына сәйкес осы қызметтерді орындауды ұйымдастырады;
36) Мекеменің қалалық әкімдік және мәслихатпен, жоғарғы жергілікті мемлекеттік басқарма органдарымен, орталық атқару аймақтық бөлімшелерімен, үкіметтікемес ұйымдарымен қарым-қатынасты қаматамасыз етеді;
37)Ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық және активтермен материалды-техникалық қамтамасыз ету, жиналыстарды, кездесулерді, кент әкімі тарапынан өткізілетін басқа шараларды жүзеге асырады, Мекеменің шаруашылық, қаржылық, материалды-техникалық қызмет көрсету сұрақтарын шешеді;
38) Мұрағатқа тапсырылатын әкімнің шешімдері мен өкімдерін, басқа ұйымдастыру- тәртіптік, кадрлік құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа сақтау мен тапсыруды қамтамасыз етеді.
39)Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жоғары тұрған органдармен делегирленген, кент әкіміне тапсырылған басқа да өкілеттікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

         17. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ басшылықты «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.           
18.  Кент әкімі қызметіне облыс әкімі тарапынан тағайындалады және қызметінен босатылады.
19. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ  бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Кент әкімі, мекеме жетекшісі ретінде:
1) қала әкімдігіне мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай ақ олардағы  өзгерістерді бекітуге тапсырады;
2) мекеменің штаттық құрылым жобасын дайындайды, бекітілген сан лимитіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) мекемемен жалпы басшылықты жүзеге асырады, мекеме қызметінің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру – құқықтық, материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады,  мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын бақылайды және түзейді (егер ондайлар құрылса);
4) қала әкімімен келіскеннен кейін штаттың бекітілген сандық лимиті шегінде мекеменің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; кент әкімі орынбасарының, әкімшілік және азаматтық қызметкерлердің, мекеменің басқа жұмыскерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;
6) мекемедегі ішкі еңбек тәртібінің ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңдарды орындауды бақылайды;
7)  әкім мен әкімдіктің, кент өміріне байланысты басқа қызметтік құжаттардың құзыреті шегінде, нормативті жобалар мен басқа құқықтық актілерді әкім мен қала әкімінің бекітілуіне тапсырады және дайындауды ұйымдастырады;
8) бекітілген ережелерге сәйкес, тұрақты негізде әкіммен немесе қала әкімдігімен дайындалған не қабылданған нормативті құқықтық актілердің  мониторингін жүргізуді ұйымдастырады (мекеме жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, бұдан бұрын қабылданған актілерді қосқанда); осы актілерге өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы өткізуді, оларды күшін жойған деп тануды немесе болдырмауды ұйымдастырады;
9) өз құзыреті шегінде мекеме атынан сенімхатсыз мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қарым-қатынас жасау арқылы оның мүддесін  қорғайды;
10)қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қала әкімінің аппаратымен, қалалық мәслихатпен, мемлекеттік органдармен, қала аумағында әрекет ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді; саяси партиялармен және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және кент халқымен байланысты қамтамасыз етеді;
11) мекеме тарапынан қабылданған өзінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын, әкім және қала әкімдігінің нормативті және басқа құқықтық актілердің, қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына бақылау мен тексеруді ұйымдастырып және қамтамасыз етеді;
12) стандарттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мекеменің қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;
13) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, кентте мемлекеттік органдардың қызметін бақылау бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;
14) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, шешімдер мен өкімдер қабылдайды,  барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен мекеменің басқа да жұмыскерлеріне міндетті тапсырмалар береді;
15) тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияның, мекеменің мемлекеттік қызметтің өтілін анықтау мен басқа комиссиялар бойынша қызметтерінің жалпы басшылығын жүзеге асырады, атқарушы және еңбек тәртібінің орындалуын, кадр қызметінің жұмысы мен құжатайналымын ұйымдастыруды  қадағалайды;
16) кент әкімінің орынбасарын тағайындау немесе орнынан босату туралы ұсыныстарды қала әкімінің қарауына ұсынады; кадр резервтерін құрады, мекеменің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды немесе қызметінен босатады; оларға мадақтау мен тәртіптік төлету шараларын қолданады, қала әкімінің құзырымен олардың мадақталуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапатталуына ұсыныстар енгізеді;
17) мекеменің кадрлік саясатын анықтайды және оның жүзеге асырылуына жауап береді; мекемені қажетті кәсібі, біліктілігі мен штаттық кестеге сәйкес мамандығы бар мемлекеттік қызметкерлердің қажетті санымен уақтылы қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік қызметкерлердің типтік біліктілік мінездемесіне сәйкес мекемеде бос қызмет орнына кандидаттарды тағайындауға конкурсты жүргізуді ұйымдастырады және қатысады; Мекеменің мемлекеттік қызметкерлерінің аттестациядан өтуін қамтамасыз етеді;
19) персоналдың пайдаланылуын сараптайды, кадрларды пайдалануда біліктілік пен тиімділікті жоғарылату бойынша оптимизациялау шараларын дайындайды, олардың орындалуына бақылау жүргізеді; жемқорлыққа қарсы, қызметтік этиканы бұзуға қарсы және Мекеменің мемлекеттік қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейін көтеру үшін күресті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдайды және жасайды;
20) іс сапар, еңбек демалыстарын беру, материалды көмек көрсету, дайындық (қайта дайындық), өтілін өтеу, мекеменің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында біліктілігін жоғарылату сұрақтарын (жоспар мен графиктерді бекітеді) шешеді;
21) мекеменің бюджеттік өтінішін дайындауды және қалалық бюджеттік комиссияның қарауына жіберетін, сондай-ақ басқа бюджеттік процесс үрдістерін орындау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі қалалық уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді;
22) мекеменің қаржыландыру жоспарын және қаржылық есебін дайындау мен бекітуді қамтамасыз етеді;
23) мекеменің қызметіншаруашылық-материалды қамтамасыз ету мақсатында және оған жүктелген тапсырмаларды орындау үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; қаржылық құжаттарға қол қояды; сенімхаттар береді;
24) мекеменің бөлмелері мен мүлкінің, ғимараттың қорғалуы мен өртке қарсы қауіпсіздігін ұйымдастырады, мекеме жұмыскерлерінің санитарлық ережелер мен нормалар, еңбек қауіпсіздігі техникасының талаптарын орындау бойынша шараларды жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
25) жеке сұрақтар бойынша азаматтар мен мекеме жұмыскерлерінің жеке қабылдауын жүргізеді;
26) заңдармен және осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстаға заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21.Бірінші басшы  өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

         22.«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі  болуы мүмкін.
«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қос аалғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23.«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ  бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе  «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ
өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

         «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ  Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Мекемені  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.87
  • Euro 410.27
  • Рубль 5.40
Теміртау24°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ