ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Бос лауазымға орналасуға жарияланған конкурстар

Барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

    Е-R- 3 санаты үшiн: Жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Е-3 санаты үшiн: Жоғары білім;

 

           мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

 

    Е-G- 2 санаты үшiн: Жоғары білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

Е-R-1

142 412

192 382

Е-R-3

96 607

129 920

Е-G-2

92 443

124 923

Е-3

102 437

138 248

       

 

         «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ (101406,  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй, № 45 кабинеті,  анықтама телефон: 8(7213) -92-25-24, факс: 8(7213)- 92-25-24; электрондық пошта: (akimat.temirtau@krg.gov.kz)  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Теміртау  қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік,   Е-R-1 санаты).  

        Функционалдық міндеттері:        Бөлімнің қызметін үйлестіреді және бақылайды. Мемлекеттік ішкі саясаттың, ішкі саясат бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, әлеуметтік саяси сала мәселелері бойынша түсіндіру және насихаттау бойынша бадарламаларды дайындау және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді.  Мемлекеттік егемендікті нығайту, әлеуметтік процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Жастар саясатын жүзеге асыру үшін қалалық бағдарламаларды және БАҚ арқылы ақпараттық саясатты жүргізудің мемлекеттік тапсырысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Қаланың әлеуметтік-саяси жағдайын болжауға бағытталған социологиялық және саясаттанулық зерттеулер жүргізеді. Қала аумағында мемлекеттік рәміздерді насихаттайды. Ұлттық, мемлекеттік және басқа да мерекелерді, әлеуметтік және саяси оқиғаларды өткізудің жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді. Өз құзыреті шегінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды. БАҚ-тағы мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың басшыларының сөз сөйлеуін, медиа-жоспарларды әзірлейді және жүзеге асыруын бақылайды. Қалада жастар саясатын жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп әзірлейді және жүзеге асырады. Әлеуметтік-саяси, мәдени шараларға идеологиялық қолдау көрсетеді. Халықты тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын насихаттау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, топонимді және ономастиканы насихаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, қаланың визуалды ортасында ұтымды пайдалану және оның дизайнды (әлеуметтік жарнама) бойынша жұмыстар жүргізеді.

Бөлімнің жұмыс бағыттары бойынша мониторингтік және аналитикалық ақпараттармен және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы есеп беру материалдарымен қамтамасыз етеді. Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы тұру және оны алдын-алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады. Ол діни бірлестіктердің, ақпараттық-насихаттау топтары мен қаланың діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің қызметін бақылайды. Дін саласындағы қарсы іс-қимыл жоспарының жобасын әзірлейді және талқылауға ұсынады. «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ жұмысын қадағалайды. Халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін зеттеу үшін мониторинг және талдау жүргізеді. Мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктермен  жұмыс жүргізеді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:   

         Білімі– «әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес» мамандықтары бойынша  (саясаттану немесе әлеуметтану) немесе заң саласында (заңтану) (құқықтану) немесе «Гуманитарлық ғылымдар» саласында (дінтану, теология, филология, тарих) немесе білім беру саласында (тарих) жоғары білім.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»,

 «Саяси партиялар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

         2.  «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының   меңгерушісі  (1 бірлік, №  7-1,  Е-R-3 санаты).

         Функционалдық міндеттері:Кондоминиум қатысушыларын тұрғын үй қорын саласында мемлекеттік қадағ,алауды жүзеге асырады. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлікті техникалық тексерісті жүзеге асырады. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлікті күрделі жөндеудің жеке түрін өткізу бойынша мерзімі мен кезегін анықтайды. Кондоминиум объектісінде пәтер иелерінің жалпы мүлкін және үйдің алдындағы территориясын жөндеу, пайдалану, күтуді жүзеге асырады. Тұрғын үйлерде ғимараттарды өзгерту бойынша жұмыс өндірісінің ережесі мен нормасын, тұрғын үйлерде жылу, энерго, газо және суқорларын есептеуіш жалпы құралдарының барын сақтайды. Тұрғын үйді маусымды пайдалануға дайындау бойынша, кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрі бойынша орындалған жұмыс сапасы бойынша шараларды бақылауды жүзеге асырады. Қаланы әлеуметтік – экономикалық дамыту орташа шұғыл жоспарын жүзеге асыру және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қадағалайды.

Жылдық қаржы есепті, бюджеттік қаражатты игерілуі және бюджеттік бағдарламаны тиімді орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Сектордың бюджеттік қаржылық бағдарламасына технико-экономикалық негіздемесін дайындайды және бекітеді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

          Білімі – жоғары  «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

    3. «Теміртау  қаласы әкімінің аппараты» ММ  жерді пайдалану, қорғауды бақылау және экономикалық бағдарламаларды жүзеге асырылуы жөніндегі  бас мемлекеттік  инспектор (1 бірлік,  № 1-5, Е-3 санаты).  

Функционалдық міндеттері: Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды, жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруді, жер телімдеріне құқықтарын анықтау және ауыртпалықтарды тоқтатуға Мемлекеттік корпорацияға ұсынымдарды жолдауды жүзеге асырады.  Жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, сотқа талап қоюды дайындау және беру, пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару, егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру, орталық уәкілетті органға  заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардан айыппұлдарды өндіру туралы, жер заңнамаларын бұзулар нәтижесінде зиянды өтеу туралы істер бойынша сот органдарына материалдар дайындайды. Жеке және заңды лауазымды тұлғалармен заңнаманың сақталуы үшін түсіндіру бойынша жұмыстар, ҚР заңнамаларын бұзушыларға  уақытында шаралар қабылдайды, жүргізілген тексерулер материалдарын объективті дайындайды.  Жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушыларға қатысты жерлерде жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді, оның ішінде:  ауыл шаруашылық мақсаттағы, атап айтқанда:   - жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

      Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысады. Экономикалық сала мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауға қатысады.Әкімдік отырыстары мен жиналыстарына сұрақтарды дайындауды бақылайды. Қала даму бағдарламаларына қатысты облыс және қала әкімі, әкімнің орынбасары тапсырмаларының орындалуын үйлестіреді. Экономика саласында мемлекеттік мекеменің қалалық комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді: Бюджеттік комиссия, кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптау кеңесі, сауда базарларын тексеру жөніндегі комиссия, жер телімдерін беру  мүмкіндігін анықтау немесе беруден бас тарту жөніндегі комиссия, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін іздестіру жөніндегі жұмыс тобы, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын анықтайтын комиссия. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асуы туралы талдау жүргізеді.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:   

      Білімі– «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия,  баптау және қорғау топырақтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы»,  Қазақстан Республикасының Жер кодексін,   «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. 

         4. «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық  бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 2-1, Е-G-2 санаты). 

Функционалдық міндеттері: Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинау бойынша кент әкімінің қызметін жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жалақы төлемдерінің қорын жұмсауда бақылауды жүзеге асырады. Жалақы төлемі туралы анықтама береді. Веб порталда мемлекеттік сатып алуларды жүргізеді және олар бойынша есеп жасайды. Бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша құжатайналымында ұйымдастыруды жүргізеді, мемориалдық ордерді жасайды және «Басқа дебиторлар и кредиторлар» бойынша құжаттарды қадағалайды, жеткізушілермен салыстыру актісін жасайды. Экономика және қаржы, статистика бөлімдеріне, мемлекеттік кірістер басқармасына есептер жасайды. Түскен тауарлық-материалдық құндылықтар қозғалысына,  бухгалтерлік есепке алу операцияларында уақытылы көрсетуде жалпы қадағалауды жүргізеді. Кент әкімдігінің басшылығына жалпы кент бюджетін орындау туралы есеп және баяндама дайындайды. Сайлау кампанияларын өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларына қатысады. «Клиент-қазынашылық», «К-2 бюджеті» бағдарламалары бойынша жұмыс атқарады. Уақытылы кент әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жауап береді. Кент әкімі аппаратының, қала, облыс әкімдігінің жоғары тұрған басшыларының тапсырмасын орындайды.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

       Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, статистика, қаржы,); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»,«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын  электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде          «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясыныңотырысынабайқаушыларретіндеҚазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.71
  • Euro 429.17
  • Рубль 6.02
Теміртау20°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 715мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 34%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ